Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындалып, жұмысқа кірістім. Ендігі кезекте Қызылорда қаласы мен төрт ауданды, бірнеше басқарманы басқарғанда, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болғанда жинаған тәжірибемді, білімімді туған жерімнің өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмсаймын.

Аймақ басшысы ретінде маған бірқатар басым міндет жүктелді. Олар – халықтың әл-ауқатын жақсарту, экономика салаларын әртараптандыру және цифрландыру, инвестиция тарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, өзге де басым бағыттарға бағдарланған конституциялық реформаны жүзеге асыру.

Сенім үдесінен шығу, Нұрлыбек Машбекұлының басшылығымен өңірде атқарылған жұмыстарды жалғастыру, басталған істерді соңына дейін жеткізу, жаңа жобаларға жол ашу Сыр өңірінің дамуына бұрынғыдан да зор серпін берері сөзсіз. Бұл жолда мол тәжірибеме, халықтың қолдауына, әріптестерімнің кәсіби біліктілігіне сүйенемін.

Мемлекет басшысы мен Үкімет жүктеген стратегиялық басымдықтарды сапалы әрі нәтижелі жүзеге асыру, жүйелі жұмыстың, ілкімді істердің сабақтастығын сақтау еңбек жолымның жаңа кезеңінің бағдары болмақ. Кешелі бері құттықтап, ізгі тілегін айтқан баршаңызға ризашылығымды білдіремін.
09 мамыр 2026 ж. 30 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031