Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЕСКЕРТКІШТЕР СЫР ШЕРТЕДІ...»

«ЕСКЕРТКІШТЕР СЫР ШЕРТЕДІ...»

Сауысқандық шатқалы Шиелі ауданының шығыс бөлігін бауырына басып жатқан қарт Қаратау жотасында, Еңбекші ауылынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан.
Ескерткіштер орналасқан аумақ 473,3 гектар жерді алып жатыр. Қорғау аймағының көлемі 85 гектар, құрылыс салуды реттеу аймағы 130,1 гектар, қорғалатын табиғи ландшафт аймағының көлемі 122,8 гектар. Петроглифтердің мерзімделуі біздің заманымызға дейінгі ІІ-ші мыңжылдықты қамтиды.
Тау тастарындағы сызбалар сан-түрлі тәсілмен қашалып, оған көп бейнелер салынған. Онда шаруашылық, тұрмыс-салт пен жөн-жоралғы дүниетанымы тасқа басылған.
«Сауысқандық» шатқалы «Бала Сауысқандық» және «Үлкен Сауысқандық» болып бөлініп, 5 таулы аймақты құрайды. Мұнда тауешкі, арқар, қасқыр сынды аңдар, түйе, жыл­қы сияқты жануарлар жайлы сюжеттік көрініспен қатар, қару асынған адамдар бейнеленген.
Мұндағы петроглифтердің барлығы әртүрлі сюжет пен композицияға біріккен сан-алуан тұрмыстық, діни танымдық, мифологиялық ой-өрістермен байланысты.
Мерзімдік ерекшеліктері ежелгі қола дәуірінен бастап, ортағасырлық қазіргі этнографиялық кезеңдерге дейін созылып жатыр. Демек, қола дәуірі – Еуразия кеңістігін қоныстаған сан алуан халықтардың бейнелеу шығармашылығындағы, әсіресе, жартасқа сурет салу өнерінің шарықтау шегіне жеткен кезеңі деуге негіз бар.

«Өскен өңір» ақпарат
06 мамыр 2026 ж. 29 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031