Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғатты түлету: қандай ағаш отырғызған жөн?

Табиғатты түлету: қандай ағаш отырғызған жөн?

Көктем – табиғаттың қайта түлеп, тіршіліктің жаңаратын шағы. Бұл мезгіл тек табиғатты тамашалап қана қоймай, оны көркейтуге үлес қосатын уақыт. Әсіресе ағаш отырғызу – экологияға пайда әкеліп қана қоймай, келешекке қалдыратын игі іс. Дегенмен кез келген тал әр өңірге жерсіне бермейді. Сондықтан дұрыс таңдау жасау маңызды.
Шиелі ауданы – климаты негізінен құрғақ, шөлейтке жақын аймақ. Жазы ыстық, жауын-шашын аз, сондықтан мұнда өсімдік таңдауда ең басты шарт – құрғақшылыққа және ыстыққа төзімділік.

Дұрыс таңдау маңызды
Шиелі жеріне ең жақсы жерсінетін ағаштардың бірі – жиде. Бұл ағаш топырақ талғамайды, су аз болса да өсе береді. Тамыры арқылы топырақты құнарландырып, басқа өсімдіктердің өсуіне де оң әсерін тигізеді. Сол себепті жиде – шөлейт аймақтар үшін таптырмас таңдау.
Қарағаш та өңір жағдайына бейім ағаштардың қатарында. Ол желге, ыстыққа төзімді, күтімді көп қажет етпейді. Көлеңкесі мол болғандықтан, елді мекендерді көгаландыруда жиі пайланады.
Ал терек суармалы жерлерде жақсы өседі. Әсіресе тез өсіп, қысқа уақытта көлеңке беретін қасиетімен ерекшеленеді. Дегенмен оны отырғызғанда мамық шашпайтын түрлерін таңдаған жөн.
Тұт ағашы да Шиелі өңіріне қолайлы. Ол ыстыққа төзімді әрі жеміс береді. Жаздың аптап күндерінде саялы көлеңке жасап, тұрмысқа да пайдасын тигізеді.
Егер су көздеріне жақын жер болса, тал ағашын отырғызуға болады. Ол ылғалды жақсы көреді, сондықтан, арық-канал жағасында жақсы өседі. Ал мүлде құрғақ, құмды аймақтарда сексеуіл өсіру тиімді. Бұл өсімдік табиғи түрде шөл жағдайына бейімделген және топырақты бекітуге көмектеседі.
Сонымен қатар, суару мүмкіндігі бар жерлерде жеміс ағаштарын да өсіруге болады. Өрік, алма, жүзім сияқты дақылдар дұрыс күтім жасалса, жақсы өнім береді. Бірақ мұндай ағаштар тұрақты суаруды қажет ететінін естен шығармаған жөн.

Дастан Үсен
04 мамыр 2026 ж. 23 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031