Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САПАЛЫ БІЛІМ — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

САПАЛЫ БІЛІМ — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Білім сапасы – басты назарда | arainfo.kzҚазіргі заманда мемлекеттің қуаты тек табиғи байлығымен емес, ең алдымен білімді, бәсекеге қабілетті ұрпағымен айқындалады. Білім – адамға өмір жолын нұсқайтын шамшырақ болса, ұлт үшін ол – өркендеуге бастайтын даңғыл бағыт. Сондықтан сапалы білім беру – тек білім беру жүйесінің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ әрі маңызды міндеті.
Бүгінгі күні білім тек ақпарат жаттау емес, ойлай білу, талдай білу, жаңашыл болу қабілетімен бағаланады. Осындай талаптарға сай тәрбиеленген жас қана елдің ертеңін нық ұстай алады. Бұл жолда ұстаздың еңбегі ерекше. Ол – тек сабақ беруші емес, болашаққа жол ашатын тұлға.
Білім туралы халық даналығы да бекер айтылмаған:
Білім – терең теңіз, түбі жоқ,
Ізденсең ашылар күні көп.
Жас ұрпақ біліммен қаруланса,
Жеңбейтін кедергі, шыны жоқ.
Сапалы білім – тек мектеп қабырғасында қалыптаспайды. Ол отбасындағы тәрбие мен қоғамдағы қолдаумен бірге жетіледі. Сондықтан әрбір ата-ана мен әрбір азамат бұл іске бейжай қарамауы тиіс.

Нұрмұхаммед Сағынтай,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Журналистика
факультетінің 2-курс студенті
28 сәуір 2026 ж. 33 0