Ел мерейін асырған математика майталмандары
Биылғы оқу жылы аудандағы білім саласы үшін, әсіресе математика пәні бойынша, табысты кезең болды. Республикалық деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларда ұстаздарымыз жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өңір абыройын асқақтатты. Бұл – жүйелі еңбектің, кәсіби біліктіліктің және үздіксіз ізденістің жемісі. Сол жетістіктер көшін алға сүйреген білікті де білімді ұстаздардың еңбегі қашанда құрметке лайық.

Тәжірибе мен табыс тоғысқан тұғырАрыстанбек Пернеев – саналы ғұмырын білім саласына арнаған білікті ұстаз. 30 жылдан астам педагогикалық тәжірибесі бар маман талай шәкірттің өмір жолына бағыт-бағдар беріп келеді.
Ұзақ жылғы еңбегі еленіп, облыс әкімінің «Үздік мұғалім» атағын екі мәрте иеленген ұстаз биыл да биіктен көрінді. Математика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық «Математикалық регата» олимпиадасында жүлделі ІІІ орын алып, кәсіби деңгейін тағы бір дәлелдеді.
Ұстаз шәкірттері де
білім бәйгелерінде үздік нәтиже көрсетіп, облыстық олимпиадаларда жүлдегер атанып жүр. Бұл – тәжірибе мен үздіксіз ізденістің жемісі болса керек.

Жас математиктің жарқын жолы
Аудан білімінің сапасын арттыруда жас болса да өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген ұстаздардың бірі – Батырбек Қалмахан. Ол 2014 жылы елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне түсіп, 2019 жылы бакалавр, 2021 жылы магистратураны тәмамдады. Сонымен қатар әскери кафедрада білім алып, «запастағы лейтенант» әскери атағына ие болды.
Еңбек жолын 2021 жылы Жөлек ауылындағы №152 мектепте бастап, бүгінде Ә.Тәжібаев ауылындағы №214 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі ретінде шәкірт тәрбиелеп келеді. Қысқа уақыт ішінде кәсіби біліктілігімен танылып, түрлі деңгейдегі байқауларда топ жарып жүр.
Ұстаздың табанды еңбегі мен ізденісінің нәтижесі – республикалық деңгейдегі ірі жетістіктер. Бұған дейін «Білікті ұстаз» олимпиадасында І орынды иеленсе, «Математикалық регата» республикалық сайысында бас жүлдені жеңіп алды.
Биыл да жас мұғалім тағы бір белеске шықты. «Жас математика мұғалімдері арасындағы республикалық шығармашылық конкурс» қорытытындысы бойынша ІІІ орынды иеленіп, аудан мерейін асырды. Бұл – жас ұстаздың үздіксіз ізденісі мен табанды еңбегінің айқын дәлелі.
Жас ұстаз үшін әр жетістік – жаңа белестің бастауы. Ол білім беру ісіндегі ізденісін тоқтатпай, шәкірттерінің биіктен көрінуіне бар күш-жігерін салуда. Осындай еңбекқор мұғалімдер барда аудан білімінің алар асуы биік болары сөзсіз.

Туған жерге тағзым – біліммен
Жас мұғалім Нұрдәулет Яхуда – туған жеріне оралып, білім беру ісіне үлес қосып жүрген талапты мамандардың бірі. Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін үздік тәмамдаған ол бүгінде өзі білім алған Тартоғай ауылындағы №153 Ш.Есенов атындағы орта мектебіне шәкірт тәрбиелеп келеді.
Заманауи әдістерді тиімді қолдана отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға басымдық беретін ұстаз дарынды балалармен жүйелі жұмыс жүргізуде. Соның нәтижесінде «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық байқауында І орынды иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді.
Жас та болса жауапкершілігі жоғары педагог алдағы уақытта да білім саласында жаңа жетістіктерге қол жеткізуді мақсат етеді.
Үш ұстаздың үш түрлі жолы болғанымен, ортақ мақсат – сапалы білім мен саналы ұрпақ тәрбиелеу. Республикалық деңгейдегі жеңістер – аудан білімінің әлеуетін айқындайтын жарқын көрсеткіш. Осындай ұстаздар барда білім биігі бағындырыла беретіні анық.
Гүлхан ЯХИЯ