Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашақтың берік іргетасы

Болашақтың берік іргетасы

Білім – ұлт дамуының басты тірегі. Қай кезеңде де елдің ертеңі сапалы білім мен саналы ұрпақ тәрбиесіне байланысты екені айқын. Осы тұрғыдан алғанда, биылғы оқу жылы ауданның білім саласы үшін нәтижелі де мазмұнды кезең болды.
Бүгінде өңірдегі білім беру жүйесі кең ауқымды қамтиды. Жалпы білім беретін мектептерде 2905 мұғалім еңбек етсе, мектепке дейінгі ұйымдарда 296 педагог жас буынға тәрбие беруде. Ал қосымша білім беру ұйымдарында 78 педагог оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға үлес қосып келеді.
Аудан бойынша барлығы 18108 оқушы білім алуда. Биыл 1761 оқушы 9-сыныпты аяқтаса, 1125 түлек 11-сыныппен қоштасқалы отыр.
Педагогтердің сапалық құрамы да жыл санап артып келеді. Қазіргі таңда ауданда 2 педагог-шебер, 687 педагог-зерттеуші, 1047 педагог-сарапшы, 802 педагог-модератор қызмет атқарады. Осы көрсеткіштер арқылы-ақ ұстаздардың кәсіби деңгейін аңғару қиын емес.
– Биыл білім беру саласында мазмұнды жаңғырту, оқыту әдістерін жетілдіру, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, білім сапасын көтеру басты назарда болды, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Дәуренбек Нәсібеков.
Әсіресе биыл ұстаздар арасында математика пәні бойынша жетістіктер айрықша. Республикалық деңгейдегі байқауларда аудан ұстаздары жоғары нәтиже көрсетіп, білім сапасының нақты көрсеткішін дәлелдеді.
Өнер мен білімді қатар ұштастырған оқушылар да санаулы күндерден соң оқу жылын сәтті аяқтамақ. Түрлі байқаулар мен конкурстарда аудан мерейін асырып жүрген білім алушылардың бағындырған белестері толассыз.
Білім беру – болашаққа салынған ең маңызды инвестиция. Оқу жылының табыс­ты қорытындылары аудан білімінің әлеуеті жоғары екенін көрсетіп, алдағы уақытқа үлкен сенім ұялатады.

Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ
27 сәуір 2026 ж. 24 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

№29 (9396)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (9395)

18 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930