Педагогтерге арналған тегін курстар аяқталды

«Білім сапасын арттыруда мұғалімдердің үздіксіз дамуы басты рөл атқарады. Заманауи әлем мұғалімдерден білім беруді ғана емес, сонымен бірге шабыттандыруды, бағыт беруді және өзгермелі жағдайларға бейімделуді талап етеді. Біздің орталықтың оқытушылары 3 160 курс өткізді, онда 81 803 педагог, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің 11 965 педагогі, мектептердің 68 458 педагогі және колледждердің 1380 педагогі оқытылды», деді «Өрлеу» Басқарма Төрағасы Айдана Шилибекова.
Естеріңізге салайық, жыл сайын өтетін педагогикалық курстар биыл ақпан айында басталған.