Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰСТАЗ АТЫНДАҒЫ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

ҰСТАЗ АТЫНДАҒЫ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ


Бүгін Республика күніне орай 100 жылдан астам тарихы бар Қ.Мұхаммеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияда білім саласында еңбегі сіңген Омашева Ақпейшен ұстаздың атындағы математика кабинеті ашылды.
Шараға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы және мектеп ардегерлері, Омашева Ақпейшен апайдың туыстары қатысты.
– Омашева Ақпейшен саналы ғұмырын білім саласына арнаған парасат-пайымы мол, өз мамандығын ерекше құрметтей білген, туған жеріне адал қызмет еткен ұстаз.
Білім саласында еңбегі сіңген «Қазақ ССР-нің халық ағатру ісінің озығы» Омашева Ақпейшен апайдың тағылымы терең өмірін, өшпес ізін атқарған ұлағатты жұмыстарын келешек жас ұрпаққа таныстыру мақсатында арнайы кабинеттің ашып отырмыз. Бұл кабинеттен талай шәкірт білім алып, биіктен көрінеді деген сенімдеміз, – деді бөлім басшысы.
Шарада ұлағатты ұстаздың әріптестері мен туыстары естеліктермен бөлісті. Мектеп шәкірттері өнерлерін көрсетіп, ән шырқады.

24 қазан 2023 ж. 313 0