Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мақтаулы маман

Мақтаулы маман

«KAP Logistics» мекемесінің 20 жылдық мерейтойында марапат мінберінен көрінген мақтаулы маманның бірі – Сұлтанбек Аманқұлов. Ол аталған мекемеде автокөлік жөндеу слесарі болып жұмыс істейді.
2022 жылдан бастап «KAP Logistics» мекемесінің машина жөндеу шеберханасында қызмет етіп, өз ісінің нағыз шебері екенін дәлелдеп келеді. Темірден түйін түйгендей, кез келген техникалық ақаудың түйінін тарқатып, нақты әрі сапалы шешім таба білу – оның кәсіби ерекшелігі.
Сұлтанбек Аманқұлов – еңбекпен шыңдалып, тәжірибе жинақтап жүрген маман. Оның табандылығы мен іске деген сүйіспеншілігі әріптестеріне үлгі, ал жауапкершілігі – сенімнің кепілі.
– Аудандық мәдениет үйінде «KAP Logistics» ЖШС мекемесінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында бас директордың құрмет грамотасын иелендім. Еңбегімізді бағалап, ел алдында марапаттап жатқан азаматтарға алғысым шексіз, – деді С.Аманқұлов.

Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ
17 сәуір 2026 ж. 73 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930