Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАЛПЫНЫС ТАБЫСҚА БАСТАЙДЫ

ТАЛПЫНЫС ТАБЫСҚА БАСТАЙДЫ

«KAP Logistics» ЖШС-ы «ШиеліСұңқар» филиалы — Шиелі ауданындағы ірі көлік-логистика кәсіпорындарының бірі. Қазір мұнда 500-ден астам қызметкер еңбек етеді. Олардың басым көпшілігі – жергілікті тұрғын. Жұмыс істейтін азаматтардың негізгі мамандықтары жүргізуші, слесарь-жөндеуші, механизатор, инженерлік-техникалық қызметкер мен әкімшілік персонал болып келеді. Солардың бірі – Бақдәулет Сыздықов. Ол автожөндеу шеберханасында автокөлік слесарі болып еңбек етеді. Айтайын дегеніміз, кейіпкеріміз 34 жасында өз ісінің нағыз шебері атанып үлгерген. 


Бақдаулет Нартай Бекежанов атындағы ауылда туып өскен. Әкесі Марат Сыздықов техниканың барлық түрін игерген ­бесаспап маман болса, анасы Айзат ­Байбалаева балабақшада тәрбиеші. Әкесінің кеңесімен ол ауыл мектебін тоғызыншы сыныпта аяқтаған соң, Шиелі индустриалдыаграрлық колледжіне оқуға түседі. – Жергілікті колледжге түс. Біріншіден, үйге жақын, екіншіден, мұнда орта біліммен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық аласың. Бұл шешіміңе өкінбейсің, – деп кеңес берген еді әкесі. Әке сөзін жерге тастамай өзі шығарған шешіміне Бақдаулет еш өкінген емес. Колледжде ол бір емес, екі мамандық – тас қалаушы және механизатор мамандығын меңгерді. Еңбек жолын «Халық» шаруа қожалығында бастап, тоғыз жыл бойы механизатор болып еңбек етті. Өндірістегі алғашқы кәсіби қыр-сырды оған аға әріптесі Сәрсенғабыл Бақбердиев үйретті. Кейін ол еңбегін Батыс Қазақстандағы ірі мұнай компанияларында вахталық әдіспен жалғастырды. Бұл таңдауы да түсінікті. Мұнда ауыл шаруашылығына қарағанда еңбекақы әлдеқайда жоғары еді. Қазір ол «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының «KAP Logistics» ЖШС «Шиелі-Сұңқар» филиалында автокөлік слесарі болып қызмет етеді. Бақдәулет Сыздықовтың пікірінше, адам неғұрлым көп мамандықты игерсе, соғұрлым еңбек нарығында жоғары жалақысы бар жұмыс табу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар мұнда қанша жаста екендігіңнің маңызы шамалы. Бастысы, жаңа мамандықты меңгеруге деген ықылас пен талпыныс болуы қажет.

М.КЕҢЕСҰЛЫ,
сурет автордікі
09 қараша 2025 ж. 92 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728