Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ең сұранысқа ие мамандық белгілі болды

Қазақстанда ең сұранысқа ие мамандық белгілі болды

Sputniknews.kz Қазақстанда ең көп таралған мамандық – мектеп мұғалімі. Елдегі әр жиырмасыншы жалдамалы қызметкер орта білім беретін мекемелерде жұмыс істейді. Қазақстан мектептерінде балалар мен жасөспірімдерді 352,2 мың мұғалім оқытады, деп хабарлады Finprom.kz.

Екінші орында бухгалтерлер, Қазақстанда олардың саны – 268,2 мың адам немесе әрбір 25-ші қызметкер.

Үшінші орында супервайзерлер, дүкен сатушылары мен олардың көмекшілері. Олардың саны – 256 мың адам.

Тағы оқыңыз: Әлемдегі ең ежелгі мамандық белгілі болды - сіл ойлағаннан мүлдем басқа кәсіп

Халық жаппай игерген 10 мамандық қатарына жатады: жеңіл көлік, такси және фургон жүргізушілері - 236,6 мың адам, күзетшілер – 219,7 мың адам, кеңсе қызметкерлері – 139 мың адам, орта буынды медицина қызметкерлері – 128,8 мың адам, балабақша тәрбиешілері – 119,2 мың адам, ауыл және орман шаруашылығы, балық аулау саласында істейтін жұмысшылар – 113,4 мың адам, жүк көлігі жүргізушілері – 105,6 мың адам.

Айта кетсек, биыл Қазақстанда жұмыспен қамтылған халық саны – 8,8 миллион адам. 15 жастан асқан азаматтардың жұмыспен қамтылу деңгейі - 66,7%.

Олардың көпшілігі жалдамалы қызметкерлер - 76,1% немесе 6,7 миллион адам. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар саны 23,9% немесе 2,1 миллион адам.
23 тамыз 2019 ж. 740 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930