Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

Өңірдегі ірі көлік-логистикалық кәсіпорындардың бірі – «Шиелі-Сұңқар» ЖШС «KAP Logistics» ЖШС-нің филиалы. Қазіргі уақытта мұнда 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді және олардың басым бөлігі – жергілікті тұрғындар. Бұл – жүргізушілер, слесарь-жөндеушілер, механизаторлар, инженерліктехникалық қызметкерлер мен әкімшілік персонал.
Бір қуаныштысы, көлік саласының мамандары өндірістік жоспарларды орындап қана қоймай, туған өлкесінің гүлденуіне де өз үлестерін қосуда. Олар абаттандыру және көгалдандыру шараларына белсене қатысып келеді. Мысалы, кәсіпорын қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын белсенді қолдады. Бұл шаралар апта сайын әртүрлі тақырыпқа арналды. «Таза өлке» апталығы аясында елді мекендер маңындағы аумақтарда тазалық жұмыстары жүргізіліп, санитарлық тазалау мен бейберекет қоқыс тастайтын орындар жойылды.
Сонымен қатар «Киелі мекен» апталығында филиал өкілдері ауданның басқа ұйымдарымен бірлесе отырып, Шиелі кентіндегі Ыбырай Жақаев атындағы орталық саябақтың аумағын тазалады. Ал «Жасыл аймақ» апталығында сәндік және жеміс ағаштарының 300-ден астам көшеті отырғызылды. Бұл – кәсіпорын айналасында жасыл аймақ қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды. Бұған қоса, эковолонтерлер қоршауларды, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін сырлап, аумақтың көркін келтірді.
Әрине, мұндай экологиялық бастама тек қоршаған ортаны жақсартуға ғана емес, ұжымдық рухты нығайтып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етеді.

Дария МАҚСҰТ
04 қыркүйек 2025 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930