2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БОЛАШАҒЫНА НЫҚ СЕНІММЕН ҚАРАЙДЫ

БОЛАШАҒЫНА НЫҚ СЕНІММЕН ҚАРАЙДЫ

26 жастағы Нұрболат Тасболатұлының өмірі ата-анасының байланысы мен ақшасына ғана сенетін «мамасының» немесе «папасының» балаларына үлкен сабақ бола алады. Ол жастайынан әкесінен де, анасынан да айырылып қалды. Әкесі Тасболат – көлік жөндеу шеберханасында, анасы Күлипа – «Әдемі-тіс» стоматологиялық клиникасында техникалық қызметкер болып жұмыс істеген, нағыз еңбек адамдары еді. Ата-анасынан айырылғаннан кейін, ол тек өзіне сенуге және өз күшіне үміт артуға мәжбүр болды. Шиелі кентіндегі №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының 9-сыныбын бітірген соң, Қызылордаға барып И.Әбдікәрімов атындағы аграрлытехникалық колледждің ветеринария бөлімінде оқуға түсті. Студенттік жылдары тез өтіп, орта арнаулы білім алған соң туған ауылына оралды. Шиелі ветеринарлық станциясының басшысы Бекжан Бекқожаев оның көзіндегі отты, өз ісінің шебері болуға деген ұмтылысты байқап, бірден жұмысқа қабылдады. Бұл жерде тәлімгерлік дәстүрі жақсы сақталған. Тәжірибелі мамандар Пернебай Мұсаев пен Нұркен Махамбетов оны мамандықтың қыр-сырына шыдамдылықпен үйретті. Қазір ветеринариялық фельдшер Нұрболат Тасболатұлы аудан орталығы тұрғындарына әртүрлі ветеринарлық қызмет көрсетеді. Оның қарауындағы аумақта 5000 бас ірі қара мал және 3000-нан астам қой мен ешкі бар. Үй жануарларының иелерінен ол жайлы тек жақсы пікірлер естуге болады. – Үй фермамызда бордақылау үшін бұқалар, кейде сауынды сиырлар ұстаймыз. Егер қандай да бір ауруға күмәндансақ, Нұрболат Тасболатұлын телефон арқылы шақырамыз, ол тез арада келіп, жануарларды кәсіби деңгейде емдейді. Біз оның жұмысына өте ризамыз, – дейді кент тұрғыны Ділдакүл Әбілдаева. Аусыл, эмкар, сібір жарасы, лептоспироз, пироплазмоз және басқа да үй жануарларының ауруларына қарсы тегін вакциналар беріледі. Вакцинациямен ветеринарлық станция қызметкерлері, соның ішінде біздің кейіпкеріміз де айналысады. Жоғары кәсіби көрсеткіштері үшін Нұрболат Тасболатұлы бірнеше рет құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталды. Мемлекет «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жас маманға тұрғын үй алуға көмектесті. Қазір бұл жылылық пен махаббатқа толы үйде жұбайы Әзизамен, ұл мен қыз тәрбиелеп, болашағына нық сеніммен қарайды.
Айдар БАҚЫТЖАНҰЛЫ,
фото автордікі
18 ақпан 2025 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930