Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаяу жүргіншілер жолы салынды

Жаяу жүргіншілер жолы салынды

«KAP Logistics» ЖШС «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорындары көліктік-логистикалық қызмет көрсететін компания болып табылады. Аталған компания өзінің қызметінде өндірістік қауіпсіздікті және жол қозғалысы қауіпсіздігін алдыңғы қатарға қояды. Сонымен қатар компания және оның филиалдары өздері орналасқан өңірлердің қоғамдық және әлеуметтік іс-шараларына белсене қатысады. Осындай игі істердің бірі – «Шиелі-Сұңқар» филиалының теңгеріміндегі, Шиелі кентінде орналасқан Ж.Тұрабаев көшесінің бойына салынған жаяу жүргіншілер жолы. Жолдың жалпы ұзындығы 773 метрді құрайды. Бойында күн энергиясынан қуат алатын заманауи 22 дана түнгі жарықтандыру қондырғылары орнатылған. Бұл да болса жаяу жүргіншілердің, оның ішінде жасөспірімдердің, оқушылардың қауіпсіздігіне оң әсерін береді. Оған қоса кенттің келбетін көркейте түседі.
Пайдалануға берілген нысанды көруге келген Шиелі кентінің әкімі Аманкелді Өмірәлі сапасына жоғары баға беріп, биыл Шиелі кентінде көркейту-көгалдандыру, кентішілік жолдарды реконструкциялау жұмыстарының кең көлемде жүріп жатқандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ бұл жұмыстарға «Шиелі -Сұңқар» мекемесінің өз үлесін қосып жатқандығына ризашылығын білдірді. Өз кезегінде «KAP Logistics» ЖШС «Шиелі-Сұңқар» филиалының директоры Дәурен Досмағанбетов осындай игі жұмыстар келер жылы да жалғасын таба беретінін айтты.

«Өскен өңір» ақпарат
31 қазан 2023 ж. 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

№89 (9356)

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031