САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ – ЕЛ ИГІЛІ ҮШІН
Халқымыз «Игі істің басында, жақсы жүрер қасында» демекші, ел мүддесі жолындағы үнемі игі істердің ұйытқысы болып жүретін «KAP Logistics» ЖШС «Шиелі-Сұңқар» филиалы көпке үлгі болып, түйткілді мәселелерді шешуге үлес қосып келеді.
Өткен жылдары көршілес Батыс өңірі қарғын судың астында қалған сәтте, алғашқылардың бірі болып жұмыс тобын жұмылдырған да осы мекеме еді. Көмек қолын созып, зардап шеккен аймақтарға қаржылай және техникалық көмек көрсету жұмыстарын дер кезінде ұйымдастыра білді. Нәтижесінде жеңіл автокөлік, кран, экскаватор, трактор, жүк көлігі, қайық сияқты техника темір жол арқылы жеткізіліп, үлкен жәрдем бергені көзі қарақты ағайынның көкейінде жатталып қалды.
Міне, жуырда тағы бір жақсы істің басынан табылып, қоғам қауіпсіздігіне бір кісідей атсалысты. Сөзімізді нақтыласақ, «KAP Logistics» ЖШС «Шиелі-Сұңқар» филиалында жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту бағытында маңызды шаралар жүзеге асыру жүйелі қолға алынған. Осы бағыттағы бастамалардың бірі – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ-да «МалЖанАман» акциясы аясында арнайы жарыққа шағылысатын ленталарды тұрғындарға өтеусіз негізде жеткізу іс-шарасы. Бұл бастама – компанияға тиесілі технологиялық жолдардың бойында орналасқан Шиелі ауданының 8 ауылын қамтиды.
Арнайы жарыққа шағылысатын ленталар жайылым кезіндегі ірі қара, үй жануарларының мойындарына тағылады. Бұл қараңғы уақытта олардың жолда көрінуін айтарлықтай жақсартып, жақын шам жарығында – 150 метрге дейін, ал алыс шамда – 400 метрге дейін анық байқалуына мүмкіндік береді. Ал мұндай лентасыз жануарлардың көрінуі тиісінше тек 50 және 100 метр шамасында ғана болатынын мамандар айтуда.
Жасалынған жұмыстар жүргізушілерге жолдағы ахуалды ерте байқап, дер кезінде әрекет етуге қосымша мүмкіндік береді. Нәтижесінде қараңғы уақытта жануарлармен соқтығысу қаупі төмендеп, ықтимал жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мол септігін тигізеді.
Қоғамның қауіпсіздігі үшін жасалынған әрбір жұмыс – ел ертеңінің сенімді кепілі. Ал сондай берекелі істің басы қасында жүрген азаматтар халықтың нағыз жанашыры һәм тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі. Жұмысы жүйелі, ісі өзгеге үлгі болып жүрген «KAP Logistics» ЖШС «Шиелі-Сұңқар» филиалы ұжымына тек сәттілік тілейміз.
М.ИБРАГИМОВ
Өткен жылдары көршілес Батыс өңірі қарғын судың астында қалған сәтте, алғашқылардың бірі болып жұмыс тобын жұмылдырған да осы мекеме еді. Көмек қолын созып, зардап шеккен аймақтарға қаржылай және техникалық көмек көрсету жұмыстарын дер кезінде ұйымдастыра білді. Нәтижесінде жеңіл автокөлік, кран, экскаватор, трактор, жүк көлігі, қайық сияқты техника темір жол арқылы жеткізіліп, үлкен жәрдем бергені көзі қарақты ағайынның көкейінде жатталып қалды.Міне, жуырда тағы бір жақсы істің басынан табылып, қоғам қауіпсіздігіне бір кісідей атсалысты. Сөзімізді нақтыласақ, «KAP Logistics» ЖШС «Шиелі-Сұңқар» филиалында жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту бағытында маңызды шаралар жүзеге асыру жүйелі қолға алынған. Осы бағыттағы бастамалардың бірі – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ-да «МалЖанАман» акциясы аясында арнайы жарыққа шағылысатын ленталарды тұрғындарға өтеусіз негізде жеткізу іс-шарасы. Бұл бастама – компанияға тиесілі технологиялық жолдардың бойында орналасқан Шиелі ауданының 8 ауылын қамтиды.