Жақсылық жолындағы жауапкершілік
Қай қоғамда болсын кәсіпорынның қуаты өндірістік көрсеткіштерімен қатар, әлеуметтік жауапкершілігімен де өлшенеді. Туған жердің тынысына серпін беріп, халықпен етене араласып, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – қай кезде де азаматтықтың асыл белгісі. Осы ұстанымды ту еткен «KAP Logistics» ЖШС-ның «Шиелі-Сұңқар» филиалы 20 жылдық мерейтойын нақты іспен айшықтауды жөн көрді. «20 жылға – 20 игі іс» қайырымдылық бастамасы – соның көрінісі.«Шиелі-Сұңқар» филиалы Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіндегі Шиелі ауданы мен оған географиялық жағынан жақын орналасқан Түркістан облысы, Созақ ауданындағы уран өндіруші және сервистік кәсіпорындарына көліктік-логистикалық қызметтердің толық кешенін бір орталықтан көрсету бағытында тұрақты еңбек етіп келеді.
Әлеуметтік жауапкершілік – басты ұстаным
Аудан тұрғындарының тұрмыстық жағдайына бейжай қарамайтын ұжымның бастамасымен жуырда Досбол би ауылының тұрғыны, жалғыз басты ананың тұрғын үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізілді. Үй әктеліп, едені мен ішкі төбесі ауыстырылды. Сонымен қатар газ мұржасы жаңартылып, баспананың жалпы жағдайы жақсартылды. Қоғамдық жұмыс істеп, бала тәрбиелеп отырған ана үшін бұл – үлкен демеу болғаны сөзсіз.

Тағы бір игі іс – кенттегі тұрмыстық жағдайы төмен отбасыға бағытталды. Жауын жауса жанұя мүшелері есігінің алдындағы батпақтан үйіне кіруге қиналатын. «KAP Logistics» ЖШС-нің «Шиелі-Сұңқар» филиалы арнайы техникамен отбасыға тиесілі жерін тегістеп, демеушілік көмек көрсетті.
Компанияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған қайырымдылық жәрмеңкесі де ерекше атап өтерлік бастама болды. Филиал қызметкерлері үй тағамдарын, қолөнер бұйымдарын, гүлдер мен сүт өнімдерін әзірлеп, игі іске белсене атсалысты. Жиналған қаражатқа кіріктірілген күшейткіші мен микрофондары бар кәсіби музыкалық құрылғы сатып алынып, «Мейірім» оңалту орталығының балаларына табысталды. Сонымен қатар қызметкерлер өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын да балаларға тарту етті.
«Мейірім» орталығы ерекше қажеттіліктері бар балалардың түзету, әлеуметтік бейімделу және сауықтыру жұмыстарымен айналысады. Мұндай мекемелерге көрсетілген әрбір қолдау – қоғамның адамгершілік деңгейінің өлшемі.
Жақсылық – ортақ құндылық
Өндіріс пен қызмет көрсетуді қатар алып жүріп, әлеуметтік мәселелерге де сергек қарайтын «Шиелі-Сұңқар» филиалының ұжымы – аудан өміріндегі белсенді құрылымдардың бірі. «Біз үшін қайырымдылық – бір реттік акция емес, тұрақты ұстаным», – дейді филиалы директоры Дәурен Досмағанбетов.

Қоғамға пайда келтіру – тек мемлекеттің ғана емес, әрбір ұйым мен азаматтың парызы. Осы тұрғыдан алғанда, «KAP Logistics» ЖШС-нің «Шиелі-Сұңқар» филиалының игі істері – жауапкершілік пен жанашырлықтың жарқын үлгісі.
Гүлхан ЯХИЯ