ЖАСТАР ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Қазіргі таңда жастар қоғамның ең негізгі бөлігі болып саналады. Өйткені еліміздің болашағы жастардың қолында. Жастардың білімді, тәрбиелі және жауапты болып өсуі қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Сондықтан қоғамды жастарсыз елестету мүмкін емес.Бүгінгі жастардың мүмкіндігі мол. Заманауи технологиялар, интернет пен ашық ақпарат жастарға өз білімін жетілдіруге, әлеммен байланыс орнатуға жол ашты. Көптеген жастар ғылымға, спортқа, өнерге қызығып өз қабілеттерін дамытуда. Сонымен қатар, қоғамға пайдалы іс атқарып жүрген жастардың қатары күн санап артып келеді. Алайда кейбір жастар уақытын әлеуметтік желіге артық жұмсап, өзін дамытуға жеткілікті көңіл бөлмей жатады. Бұл ойлануды қажет ететін мәселе. Жастарды дұрыс бағытқа жетелеуде отбасы, мектеп және қоғамның рөлі ерекше. Саналы, білімді, отансүйгіш жастар кез-келген ең басты байлығы.
Қорынытындылай келе, жастар – қоғамның қозғаушы күші. Әрбір жас өзіне жүктелген жауапкершілікті сезініп, білімге ұмтылса қоғам да алда болады. Жастардың белсенділігі мен саналы болуы жарқын болашақтың кепілі. Қоғам жастарға дұрыс бағыт-бағдар берсе, ал жастар сол сенімді ақтауға күш салса, егемен еліміздің болшағы жарқын болмақ. Жалынды жастар барда мемлекетте нығая түсері сөзсіз.
Жансая Бурхан,
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің
11 сынып оқушысы







