Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек қатынастары мәселесі кеңінен талқыланды

Еңбек қатынастары мәселесі кеңінен талқыланды

Сәрсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссия» отырысы өтті. Ауқымды жиында өңірдегі еңбек ахуалы, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы қатынастардың өзекті мәселелері кеңінен сөз болды.
Комиссия отырысына Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Болат Досымов, аталған департаменттің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы Абзал Ұзақбаев, сондай-ақ аудандағы бірқатар кәсіпорын басшылары мен жеке білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Жиында баяндама жасаған Болат Бекайдарұлы еңбек заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістерге тоқталып, жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, еңбек шарттарын ақпараттық жүйеге енгізу мәселелері бойынша кеңінен түсіндірме жүргізді. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берді.
Нәтижесінде Шиелі ауданы бойынша жоғары және орта деңгейдегі тәуекел тобына 17 кәсіпорын енгізілсе, Жаңақорған ауданында 15 мекеме осы санатқа кіргені белгілі болды. Талдау барысында мұндай тәуекелдердің негізгі себептері ретінде жұмыс берушілер тарапынан міндетті төлемдердің уақытылы жүргізілмеуі анықталды.
Бұдан бөлек, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Еркеғали Әбдрахманов пен білім бөлімінің басшысы Дәуренбек Нәсібеков те өз салалары бойынша хабарлама жасап, өзекті мәселелерге тоқталды.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов кәсіпорындар мен мекемелерге жұмыскерлердің міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдерінің уақытылы аударылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жалақы қарыздарының алдын алу бағытында нақты тапсырмалар жүктеді.
Осыған байланысты жауапты мамандар әр кәсіпорынның көрсеткіштеріне жеке тоқталып, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды дер кезінде төлеудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар жұмыс берушілерге еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне мәліметтерді толық әрі уақтылы енгізу және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру қажеттігі ескертілді.
Жиын қорытындысында еңбек заңнамасы талаптарын сақтау, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту және еңбек дауларының алдын алу бағытында нақты міндеттер айқындалды.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
24 наурыз 2026 ж. 26 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031