Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНҒАН ЖИЫН

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНҒАН ЖИЫН

Апта басында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өңірдегі кәсіпорын басшылары және жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті. Аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов төрағалық еткен жиында еңбек саласындағы әлеуметтік ахуал мәселелері талқыланды. Кездесуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Т.Жолымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Жұмағұлов, «Қызылорда облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық орталығының бас маманы М.Қ.Боранбаева, «Мемлекеттік аннуитеттік компаниясы» ӨСҚ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры А.Темірбекова және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы Д.Бектұрсынов қатысып, «Еңбек тәуекелдер картасы» акпараттық жүйесіндегі тәуекелдер аймағындағы кәсіпорындарда туындауы мүмкін наразылықтардың алдын алу, сондай-ақ мерзімінде шаралар қабылдау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Өскен өңір» ақпарат
17 ақпан 2025 ж. 579 0

Қоғам

ЖЕР-АНАНЫҢ ЖАҢА СЫЙЫ

15 қыркүйек 2026 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930