Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірыңғай жиынтық төлем: жаңа салық түрі емес

Бірыңғай жиынтық төлем: жаңа салық түрі емес


Елбасы Н.Назарбаев өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізуді биылғы жылдың 1 қаңтарынан бас­тап тапсырған болатын. Бірыңғай жиынтық төлем дегеніміз – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға зейнетақы жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. Бұл жаңа салық түрі емес. Яғни, төлемнің төрт түрін біріктірген бірыңғай жиынтық төлем.
Еш жерде тіркелмеген белсенді емес халыққа биылдан бастап «Біріңғай жиынтық төлем» енгізілуде. Оның соммалары қала тұрғынына 1 АЕК және аудан, ауыл тұрғындарына осы көрсеткіштің жартысы бойынша төлем жүргізіледі. Яғни, аудан, ауыл халқы ай сайын әр бір адам 1263 тенгені төлеп отыру керек. Бұл жерде жеке табыс салығын, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорларына, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар жасауға жағдай туғызады. Басы ауырып, балтыры сыздаған кезде сақтандыру пакетінің есебінен барлық көмек түрін алады. Бұл – мемлекетіміз ұсынып отырған өте үлкен игілік. Әлеуметтік саладағы енгізілген өзгерістерге байланысты түсіндіру мақсатында аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыстан келген арнайы мобилдік топ кездесу ұйымдастырды. Басқосуды аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов жүргізіп отырды. Жиналысқа осы салаға қатысты бөлім басшылары мен жеке кәсіпкерлер, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Жанар Даулет­баева бірыңғай жиынтық төлемнің енгізілуі, жұмыспен қамту саласындағы жаңалықтар, Электрондық еңбек биржасы туралы айтты. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Лиман Боранбаева базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесінің өзгеруі, әйелдердің зейнетке шығу жасының ұлғайтылуы туралы баяндама жасады. Облыс бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Гүлсім Денеева міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы және 2019 жылға енгізілген басты өзгерістер туралы түсіндірме жүргізіп, сараптама жасады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коммерциалық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Абылайхан Рахымов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы баяндады. Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының бөлім басшысы Сәуле Альшоразова Елбасының Жолдауына сәйкес жалақының көбеюі және электрондық еңбек шарттары, жалпы еңбек саласындағы жаңалықтар туралы хабарлама жасады. Алдағы уақытта бұл мобильді топ өз қызметін облыс көлемінде тұрақты негізде жүзеге асырып отыратын болады.

Жұлдызай НОҒАЙБАЙҚЫЗЫ.
09 ақпан 2019 ж. 1 644 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031