Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЗ-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН БІРҚАТАР АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ӘЗ-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН БІРҚАТАР АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Мұстафа Шоқай атындағы орталық алаңда облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың қатысуымен «Құт-береке бастауы – Наурыз» атты Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесіне арналған кең ауқымды мерекелік шара өтті.Салтанатты жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар марапат төрінен көрінді. Атап айтқанда, Шиелі аудандық сотының төрағасы Нұржан Бекетаев, Шиелі ауданының прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің Шиелі аудандық бөлімшесінің бастығы Асқар Баймаханов, Шиелі ауданының полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Болатхан Мұханов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Аманжолов, Шиелі кентінің әкімі Аманкелді Өмірәлі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегенов, «Уранэнерго» кешенінің басшысы Жұмабек Есжігітов, аудандық білім бөлімінің басшысы Дауренбек Насибеков, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев, аудандық электр торабының бастығы Ғабит Қалқұлов Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.Сонымен қатар, Мұқанбетжан Салқынбаев, Күлпатима Тәжібаева, Мұхтар Апбасов, Айгүл Болатбекова, Ізімхан Шойбек, Гүлмира Курбангалиева, Талғат Сыздықов, Жанат Жарқынбек, Елжан Оспанов, Азамат Ерназаров, Наржан Өтеуов облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, олардың еңбектеріне жоғары баға берілді.Айтулы мереке аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ел бірлігі мен татулығын нығайтқан тағылымды шараға айналды.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі 







22 наурыз 2026 ж. 36 0