«Өскен өңір»: Ғасырға таяған ғиззат ғұмыр
Бүгінде баспасөз дегеніміз жарнаманың да, жылнаманың да, уақыттың да, жақсылықтың да жаршысы. Билік пен халық арасын жалғап тұрған алтын көпір. Қала берді қоғамдық ойды қозғаушы күш. Сонымен қатар газет ол сол өңірдің қағазға хатталған шежіресі, тарихы.Ғасырға жуық тарихты қаттаған Шиелі аудандық «Өскен өңір» газеті 1939 жылдың 19 наурызынан бері жарық көріп келеді. Ол әуелгіде 800 дана таралыммен жол тартса, қазір 5097 данаға жетті. Басылымының алғашқы жауапты редакторы Мәді Молдстамов болды. Одан бергі аралықта басылымның бәсін түсірмей, халық пен билік арасын жалғаған 20 редактор болды. Ал 2016 жылдан бері аудандық ата басылымның тізгінін Нұрболат Пірімбет ұстап келеді.
Газеттің қоғамдағы рөлінің қаншалықты маңызды екені баршаңызға мәлім. Алаштың алдаспан ұлдарының бірі – Міржақып Дулатов «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің ертеңі мықты» деп кезінде айтып та кеткен. Ертеректе газет ұжымдық насихатшы, қоғамдық пікір туғызушы саналса, қазіргі таңда баспасөздің мәні де, маңызы да арта түсті. Бүгінде сандық жүйенің жаңалығынан қалыспай аудандық ата басылым «Өскен өңір» газеті жанынан «Оsken-onir.kz» электронды сайт нұсқасы жұмыс істейді. Мұнда газеттің PDF нұсқасы жүктеледі. Сайтта 2017 жылдан бергі материалдардың мұрағаты бар. Басылымның интернет нұсқасын 3000-3500 адам күнделікті оқиды. Оған қоса газеттің әлеуметтік желілерде фейсбук, тик-ток, инстаграм, телеграмда арнайы парақшалары ашылып, күнделікті ақпараттандыру жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді.
Алайда «тарихты түгендемей, болашаққа қадам жасау мүмкін емес». Шиелі ауданының шежіресін қаттап, әр санын шаң басқан архивтерде сақтап келе жатқанымыз жасырын емес. Осы орайда Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында аудан басшыларының қолдауымен ескі газет тігінділерін жаңа заманға бейімдеп цифрландыру жұмысын қолға алды. Бұл жұмыс аудандық «Өскен өңір» газетінің фототілшісі Бақытжан Бәйімбетке арнайы жүктеліп, газеттің 1957 жылғы санынан бастап 2024 жылға дейінгі тігінділері арнайы құрылғылармен сандық жүйеге ауысты. Аталған жұмыстар дер уақытында қолға алынып, бүгінгі таңда басылымның 7800 саны сандық жүйеге енгізіліп, көлемі – 100 гб электронды нұсқаға айналдырылды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында барлық салаға цифрландыру жұмысын қолға алу керектігін баса айтты. Осы орайда Ел Президенті тапсырған тапсырма аясында аудандық «Өскен өңір» газеті бұрынғы тарихты түрлендіріп, басылымның тігінділерін халыққа қолжетімді ету үшін сандық жүйеге ауыстыру мақсатында жұмыс істеуде.
Қалам ұстаған қауымда құдірет бар
Жүз жылдық шежіреге таяған аудан баспасөзінің қасиетті қара шаңырағы ғасырлық ғиззат ғұмырында талай жауапты кезеңдерді, ғажайып тарихи оқиғаларды, сондай-ақ небір қиын-қыстау сын сәттерін бастан кешіргені мәлім. Әрине, газет жасау, газет шығару оңай емес. Қызығы мен шыжығы қат-қабат жүретін аса зор шаруа. Газет тізгінін ұстаған басшыдан бастап, тынымсыз қалам тербеген қосшыға дейін маңызды да, ортақ іске тек құлшына-ынтыға жұмылғанда ғана діттеген міндеттен табылса керек. Сол көштің ізін басып, «Өскен өңірдің» негізгі «поровозы» іспетті шығармашылық ұжым да кезең-кезеңімен жасарып, жаңарып келеді. Сөзімізді нақтыласақ, бас редактор Нұрболат Пірімбет, бас редактордың орынбасары Гүлнәр Дүйсебай, фото тілші Бақытжан Бәйімбет, тілшілер Гүлхан Яхияева, Сұлушаш Мадиярова және агенттік ақпарат тілшілері Айнұр Ибрашева мен Мейіржан Ибрагимов, дизайнер Ерұлан Даткенов жалындаған жастықтың қуатымен халыққа сапалы өнім ұсына бермек. Ал газеттің бас маманы Абылай Сақтағанов, баспасөз маманы Күләш Мырзаева, Элвира Ахметова сынды білікті мамандар ұжымның қуатын арттыра түссері сөзсіз.

Баспасөзге жазылу – жауапты іс
Баспасөзге жазылу – қажет іс. Неге? Өйткені газет-журнал әрбір азаматтың рухани жан серігіндей. Ой кемелденіп, көзқарас айқындалып, ел мен жер бетінде болып жатқан оқиғалардан хабардар болып отырасыз. Қазір ғаламтор заманы дейміз. Десек те, ұлы даламызда сонау «Дала уалаяты», «Қазақ» газеттерінен бастау алып, бүгінгі күнге жалғасқан газет оқу, газетке жазылу дәстүрі бар емес пе? Оны бір сәтте ұмытуға бола ма? Әрине, әркімнің өз таңдауы бар. Бірақ газеттің орны қашанда бөлек.

Ал 87 жыл тарихы бар Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінің қоғамда алар орны ерекше. Әр жылдың шежіресін тайға таңба басқандай хаттап, архивке сақтап отырғанын ескерсек, ешбір әлеуметтік желі бәсекелесе алмасы анық. Ауданның тынысын, халықтың жұмысын, Мемлекет басшысының әр ісін ата басылымға айналған «Өскен өңір» газетінен оқи аласыздар. Қазіргі уақытта 2026 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша «Сыр медиа» ЖШС-на қарасты басылымдарға жазылу науқаны жүріп жатыр. Жүректеріңізге жақын, тілектеріңізді ескеретін, халықтың үнін билікке жеткізетін баспасөзге жазылып, туған жердің, ана тілдің жанашыры болуға атсалысыңыздар!
Гүлнәр Дүйсебай