Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Судың аз болатыны үлкен қауіп Тығырықтан шығу керек жолын тауып

Судың аз болатыны үлкен қауіп Тығырықтан шығу керек жолын тауып

Жыл өткен сайын су мәселесі бүкіл әлемде күрделеніп барады. Оған қосымша табиғаттың жылынуы, мұздықтардың еріп кетуі, халық санының көбейіп, су қоймаларының көптеп салынуы, суармалы егістіктердің көбеюі, т.б факторлар әсер етуде. Қазақстан да осы мәселемен бетпе-бет келіп отыр.
Былтыр егістерді судан қалдырмау мақсатында су соратын насос қондырғыларын пайдаланып, қашыртқы суларын қайта пайдалану, каналдарды қамыс-қоғадан, лайқадан тазалау жұмыстарын іске асыру, егістік жерлерді лазермен тегістеу жұмыстары орындалғанына қарамастан күріштің судан қалу фактілері орын алған еді.
Биыл судың тапшылығы былтырғыдан да қиын болатыны болжанып отыр. Су министрлігінен, Су комитетінен, облыстық ауылшаруашылық басқармасынан келген мамандар жиналыс өткізіп, судың өте аз болатынын, соған байланысты күріш көлемінің қысқаратынын, орнына жүгері егу, артық су алмау, келісімшарт электронды түрде болатыны жайлы айтылды. Егіс көлемдері дрондар арқылы қадағаланатыны, артық көлемде егін еккен, су пайдаланған азаматтарға шара көрілетіні жөнінде қатаң ескертіп жатыр. Осы уақытқа дейін шаруашылықтардың егіс егу тәсілдерін, келісімшартқа отыру әдістерін саралап көрейікші. Кейбір шаруашылықтар өзі ойлаған жеріне маусым айының ортасына дейін егістерін егіп тастап, сосын «Шиелісушар» өндірістік учаскесіне келіп, келісімшартқа отыратын. Бұл кеш егілген дақылдар су алу кестесінен кешігіп, Сырдария суының төмендеген кезіне тап келеді. Соның салдарынан күріш пісіп үлгере алмайды. Егіс еккен шаруа қожалықтар үлкен шығынға ұшырап жатады. Енді мұндай ескі тәсілдер артта қалу керек. Уақыт талабына сай былтыр жыл аяғынан бастап шаруа қожалықтар электронды келісімшартқа отыруды бастады.
Келісімшартты бітіргеннен кейін егілген егін судан қалмай, тиянақты өнім алу үшін төмендегі жұмыстар іске асу керек деп есептеймін:
1. Егіс егілетін жерлерді лазермен тегістеу жұмыстарын жалғастыру;
2. Егіс танаптарына баратын су жолдарын қамыс-қоғадан, лайқадан тазалау;
3. Судың сағасынан бастап каналдардағы су тоспаларын жөндеп, қалыпты жағдайда жұмыс істеуін қадағалау;
4. Су соратын насостарды жөндеп, егіс егілгенге дейін дайындап қою;
5. Насос қоятын орындарды қазірден бастап белгілеу;
6. Егісті су көздерінен ұзақ және биік жерлерге орналастырмау;
7. Көлдердің, қашыртқының суына есептеп егін екпеу;
8. Жеміс-жидек, бақша дақылдарын тамшылатып суғаруға көшіру;
Биыл күріш көлемі аудан бойынша 10 600 гектар болады деген болжам бар. Күріштің көлемінің қысқаруына байланысты өнімді гектардың көптігімен емес, өнімділікті арттыру жолымен алатын кез келді.
Атам қазақта «Тамшы, тама көл болады» деген нақыл сөз бар. Жоғарыда жазылған шараны негізге алсақ, аз сумен мол өнім алуға болатынына су аз болған жылдары көзіміз жетті. Ынтымақ бар жерде береке болады. Ол үшін шаруа қожалық мамандары, «Шиелісушар» өндірістік учаскесі мамандарымен бірлесе түсінісіп, жұмыс істесе нәтиже шығатынына кәміл сенемін.

Әлияр Сейітов,
су саласының ардагері
03 наурыз 2026 ж. 20 0

Қоғам

Көп қырлы қаламгер

03 наурыз 2026 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031