«Таза Қазақстан» – ұлт мәдениетінің жаңа белесі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бүгінде жалпыхалықтық қозғалысқа айналып отыр. Нәтижесінде тазалықты – сенбілік немесе екі айлық науқан деп емес, қоғам санасын жаңғыртып, әрбір азаматтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруды көздейтін ауқымды идеологиялық құндылық деп бағалай бастадық.Мемлекет басшысының өзі де өткен сенбіде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты. Экобелсенділермен бірге елорданың «Самал» саябағында ағаш отырғызып, жастардың белсенділігіне жоғары баға берді. Оларды ел болашағы үшін маңызды өзгерістердің қозғаушы күші ретінде атап өтті.
– Патриот жастар әрдайым өзгерістердің көш басында жүреді. Сіздердің тарихи миссияларыңыз – елімізді дамыған мемлекеттердің қатарына қосу, – деді Қ.Тоқаев.
Президент өткен жылы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жалғасатынын атап өткен. Оның айтуынша, «Таза Қазақстан» акциясының түпкі мәні – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауды ұлттық құндылық деңгейіне көтеру.
– Біз табиғат байлығына немқұрайлы қарау әдетінен арылуымыз керек. Тазалықты сақтау – өркениетті қоғамның басты белгісі. Бұл қағидат әр азаматтың өмір салтына айналуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
Шынында, бүгінгі таңда тазалық мәселесі тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндетіне айналып отыр. Осы ретте «Таза Қазақстан» акциясы халықтың экологиялық санасын қалыптастыруда маңызды рөл атқаруда.
Акция басталғалы бері оның ауқымы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы бұл бастамаға 3,8 миллионға жуық адам қатысқан. Нәтижесінде 1,5 миллион тоннадан астам қоқыс жиналып, 3,2 миллионнан астам көшет отырғызылды.
Ал дәл қазіргі уақытқа дейін 1,5 мыңнан астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылып, 2 миллион тоннаға жуық қалдық шығарылған. Сонымен қатар 5,5 миллионға жуық ағаш егіліп, елді мекендердің экологиялық ахуалы айтарлықтай жақсарды. Жыл сайын бұл бастамаға 6,5 миллионнан астам адам, оның ішінде жүздеген мың еріктілер белсенді түрде қатысуда. Бұл – қоғамның экологиялық мәдениетке бет бұрғанының айқын көрінісі.
Өңірлердегі игі істер – ел дамуының айғағы
«Таза Қазақстан» акциясы аясында еліміздің барлық өңірлерінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әрбір аймақ өз ерекшелігіне сай тазалық, көгалдандыру және абаттандыру бағытында жүйелі жобаларды жүзеге асырып келеді.

Соның ішінде Қызылорда өңірінде қолға алынған шаралар ерекше назар аудартады. Өткен аптада Президент саябағында ұйымдастырылған ауқымды акцияға 25 мыңнан астам тұрғын қатысып, 12 мыңнан астам ағаш отырғызылды. 325 гектардан астам аумақ тазартылып, 320 тоннадан аса қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 250-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.
Өңірде тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Қалалық мәдени-демалыс паркі, орталық алаң, тарихи орындар жаңғыртылып, жаңа қоғамдық кеңістіктер бой көтеріп жатыр. Соның бірі – заманауи үлгіде қайта салынған Президент саябағы. Бүгінде бұл орын тұрғындардың сүйікті демалыс орталығына айналып отыр.
Саябақ аумағында субұрқақтар, спорт және ойын алаңдары, велосипед және жүгіру жолдары, мәдени іс-шараларға арналған кеңістіктер қарастырылған. Сонымен қатар мұнда балаларға арналған лагерь мен ботаникалық білім беру орталығының құрылысы жүргізілуде.
Қалдықтарды басқару – келешек кепілі
Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі – тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді басқару. Осы мақсатта өңірлерде қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде.

Мәселен, өңірде мыңдаған арнайы контейнерлер орнатылып, шыны, пластик және қағаз қалдықтарын бөлек жинау мүмкіндігі қарастырылған. Қалдықтарды сұрыптау кешендері іске қосылып, жаңа жобалар жүзеге асырылып жатқанына куәміз.
Кенттегі көркейту жұмыстары көз қуантады
Аудан көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық тазалық, көгалдандыру және абаттандыру бағытында кешенді шаралар тұрақты жүзеге асырылуда. Тұрғындар, еріктілер, жастар ұйымдары белсенді қатысып, елді мекендердің көркеюіне өз үлестерін қосып келеді. Соның нәтижесінде көшелер ретке келтіріліп, қоғамдық орындар жаңғыртылып, жасыл желек көлемі артты. Тазалық жұмыстары жасалып қана қоймай, инфрақұрылым, абаттандыру да кезең-кезеңімен іске асуда.

Өткен сенбіде аудан әкімі Айтбай Жандарбеков арнайы бақылауға алып, тиісті сала басшыларымен бірге бірқатар нысандарды аралады. Атап айтқанда, «Самара–Шымкент» бағытындағы автожол бойындағы Исатай Әбдікәрімов көшесімен қиылысында жүргізіліп жатқан жұмыстар назарға алынды. Аталған аумақта көлік қозғалысының қарқындылығы артып, кептеліс жиі орын алуына байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бағдаршам орнату қолға алынған. Бұл – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шешімдердің бірі. Бағдаршам іске қосылғаннан кейін жол қозғалысы реттеліп, апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік туады.
Сонымен қатар аталған аумақта өткен жылы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, көрнекі ақпараттық тақталар орнатылған болатын. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуына бағытталған маңызды бастамалары мен стратегиялық ұстанымдары бейнеленген. Бұл өз кезегінде аудан келбетіне ерекше сән беріп, тұрғындардың рухани танымын арттыруға ықпал етуде.
Аудан басшысы сондай-ақ «Самара–Шымкент» автомобиль жолының қайта жаңғыртылып жатқан 8 шақырымдық бөлігін де көрді. Жалпы құны 1 млрд 700 млн теңгені құрайтын жоба аясында жол сапасын жақсарту, инфрақұрылымды жаңарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді.
Ауыл – тазалықтың айнасы
«Таза Қазақстан» акциясы ауылдық елді мекендерді де қамтып отыр. Ауылдарда санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру жұмыстарын жүйелеу мақсатында түрлі жобалар қолға алынған.
«Таза Қазақстан» акциясы ауылдық елді мекендерді де қамтып отыр. Ауылдарда санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру жұмыстарын жүйелеу мақсатында түрлі жобалар қолға алынған.
Соның бірі – дәстүрге айналып үлгерген «Үлгілі елді мекен» конкурсы. Бұл бастама ауыл тұрғындарын тазалыққа, тәртіпке, ортақ жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған. Соңғы жылдары үздік ауылдарға арнайы техника беріліп, олардың инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетілуде. Мәселен, соңғы үш жылда 2 млрд 64 млн теңге бөлініп, үздік елді мекендерге 67 арнайы техника табысталды.
Экологиялық тәрбие – болашақ кепілі
Тазалық мәдениетін қалыптастыру – келешек ұрпаққа бағытталған ұзақ мерзімді жұмыс. Осы ретте білім беру ұйымдарында «Жасыл балабақша», «Жас эколог», «Жасыл мектеп» сияқты жобалар жүзеге асырылып келеді.

Бұл бастамалар балалар мен жасөспірімдердің табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық жауапкершілікті ерте жастан қалыптастыруға мүмкіндік беруде.
Тазалық – ортақ міндет
Түптеп келгенде «Таза Қазақстан» – әр азаматтың өмір салтына айналуы тиіс құндылық. Қоғамда тазалық мәдениеті қалыптасқанда ғана біз өркениетті елдердің қатарына қосыла аламыз.
Түптеп келгенде «Таза Қазақстан» – әр азаматтың өмір салтына айналуы тиіс құндылық. Қоғамда тазалық мәдениеті қалыптасқанда ғана біз өркениетті елдердің қатарына қосыла аламыз.
Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау – тек мемлекеттік саясат емес, әрбір адамның азаматтық борышы. Осыны терең түсінген қоғам ғана болашаққа сеніммен қадам басады.
Ендеше, «Таза Қазақстанды» – ұлттық сананы жаңғыртатын, елді бір мақсатқа жұмылдыратын үлкен қозғалыс деп қабылдаған жөн болар. Ал оның табысты болуы – әрқайсымыздың күнделікті әрекетімізге байланысты.
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ