СУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ – ТҰРАҚТЫ ӨНІМДІЛІК КЕПІЛІ

Сонымен қатар 14 783 гектар – дәнді дақылдар, 1 130 гектар – майлы дақылдар, 10 332 гектар – мал азықтық дақылдар, 5 267 гектар – картоп, көкөніс және бақша өнімдері бар. Қазіргі уақытта бақша дақылдары пісіпжетіліп, тұрғындар мен базар сөрелеріне жөнелтіліп жатыр. Бұл – бір жағынан шаруалар табысының артуына, екінші жағынан ішкі нарықтың отандық өніммен қамтамасыз етілуіне сеп болып отыр. Аудан бойынша 15 200 тонна минералды тыңайтқыш пен 11 738 литр гербицид толық жеткізіліп, алқаптарға себілуде. Бұл өнімнің сапасын арттырып, жер құнарын сақтауға бағытталған маңызды агротехникалық шара. Су тапшылығына қарсы нақты қадамдар Сыр өңірінің су ресурстары жылданжылға қысқарып келе жатқанын ескерсек, Шиелі ауданында су тапшылығын болдырмау мақсатында айрықша шаралар қолға алынған. Бүгінгі таңда 61 дана насос қондырғысы егістік алқаптарын сумен қамтамасыз етіп отыр. Оның ішінде 23 насос – электрлі, 38 насос – дизельді. Бұл қондырғылардың 25-і – жергілікті шаруашылықтардың иелігінде, 19-ы – «Табиғат» МКК қарамағында, 17-і – «ҚазСуШар» РМК арқылы, 6-ы – қосымша резерв ретінде қолданылып отыр. Бұл қондырғылар судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етіп, егіс алқаптарын уақытылы суару мүмкіндігін арттырады. Егінге уақытылы су жеткізу, тыңайтқышпен қамтамасыз ету және өнімді қысқа мерзімде жинап алу – ауыл шаруашылығының табысты болуына тікелей әсер ететін факторлар. Сондықтан шиелілік диқандар үшін биылғы маусым үлкен еңбек пен үміттің жылы болғалы тұр. Өткен жексенбіде аудан әкімі Айтбай Жандарбеков егін алқаптарын аралап, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстардың жай-күйімен танысты. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен еліміздің 8 облысынан арнайы 35 маман мен 11 дана су көтеру насос қондырғылары жеткізілді. Бұл қондырғылар қазіргі таңда ауданның аяқсу жетуі қиын, су тапшылығы байқалатын егістік алқаптарына орналастырылып, суару жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Шаруашылықтар өз кезегінде қашыртқы суларды қайта пайдалану мен суару кестесін кезектестіру әдістерін тиімді қолданып келеді. Бұл – суды үнемдеу және ауыл шаруашылығы дақылдарын сапалы суарудың кепілі. Жуапты мекемелер күнделікті мониторинг жүргізіп, әрбір ауылдық округте су жеткізу барысын мұқият қадағалауда. Сонымен қатар, шаруашылықтармен бірлесе отырып, су үнемдеу мен тиімді пайдалану шаралары бекітілді. Қосымша насос қондырғыларының жұмысын үйлестіру арқылы су тапшылығының алдын алу жұмыстары да белсенді жалғасуда. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы саласындағы тұрақты дамуды қамтамасыз етумен қатар, өңірдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып, тұрғындардың әлауқатын жақсартуға септігін тигізеді. Егістік алқаптарын сақтау – елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды міндет екені бәрімізге белгілі. Сондықтан аудандағы су тапшылығын жою бағытындағы кешенді ісшаралар әрі қарай да жалғасын табады деп күтілуде.
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ