Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕГІН АЛҚАПТАРЫ МЕН АЯҚ СУ МӘСЕЛЕСІ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

ЕГІН АЛҚАПТАРЫ МЕН АЯҚ СУ МӘСЕЛЕСІ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Жақында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков егін алқаптарын аралап, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстардың жай-күйімен танысты.
Биыл Шиелі ауданында 31 512 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған.
Оның ішінде:
• 14 783 гектар – дәнді дақылдар,
• 1 130 гектар – майлы дақылдар,
• 10 332 гектар – мал азықтық дақылдар,
• 5 267 гектар – картоп, көкөніс, бақша өнімдері.

Сонымен қатар ауданда 12 500 гектарға күріш егілді. Қазіргі уақытта бақша дақылдары жиналып, тұрғындар мен тұтынушыларға жеткізілуде. Егіс науқанына қажетті 15 200 тонна минералды тыңайтқыш пен 11 738 литр гербицид толық қамтамасыз етіліп, алқаптарға себілуде. Су тапшылығын болдырмау мақсатында атқарылған шаралар: Ауданда бүгінгі таңда 61 дана насос қондырғысы жұмыс істеп тұр.
Оның:
• 23-і – электрлі,
• 38-і – дизельді.

Бұл насос қондырғыларының:
• 25-і – шаруашылықтардың иелігінде,
• 19-ы – «Табиғат» МКК қарамағында,
• 17-і – «ҚазСуШар» РМК арқылы,
• 6-ы – қосымша қондырғылар ретінде қолданылуда.

Облыс әкімінің қолдауымен еліміздің 8 облысынан арнайы 35 маман мен 11 дана су көтеру насос қондырғылары жеткізіліп, дихандарға үлкен қолдау көрсетілуде.Қазіргі уақытта бұл қондырғылар аяқ су жетуі қиын, су тапшылығы сезілетін егістік алқаптарға орналастырылып, суару жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Шаруашылықтар қашыртқы суларды қайта пайдалану мен кезектестіру әдісін тиімді қолданып отыр.
Жалпы, ауданда аяқ су мәселесі тұрақты бақылауда. Бұл бағытта күнделікті мониторинг жүргізіліп, әрбір ауылдық округте егістікке су жеткізу барысы мұқият қадағаланып келеді. Шаруашылықтармен бірге суару кестелері бекітіліп, су үнемдеу мен тиімді пайдалану шаралары қолға алынған. Қосымша насос қондырғыларының жұмысын үйлестіру арқылы су тапшылығының алдын алу жұмыстары жалғасуда. Егістік алқаптарын сақтау – елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды міндет.

@Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

21 шілде 2025 ж. 45 0