Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚИЫН, ДАЛАҒА КЕТПЕСІН ЕГІНГЕ САЛҒАН ТИЫН

СУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚИЫН, ДАЛАҒА КЕТПЕСІН ЕГІНГЕ САЛҒАН ТИЫН

Аудан бойынша 2025 жылы жалпы егіс көлемі – 31 512 га оның ішінде күріш 12300 га-ды құрайды. Биыл судың жағдайы өте қиын болып тұр.

Қазіргі уақыттағы Шардара су қоймасындағы су көлемі 1 млрд текшеметрге жетпейді. Шиелісушар мекемесінің жоғарыдан алған ақпараты бойынша Шардараға Өзбекстаннан 170 м3/сек су құйылып жатыр. Жақында Су ресурстары және ирригация министрі Н.Нұржігітов ауданға келіп диқандармен кездескен болатын. Диқандар тарапынан судың мәселесі түбегейлі шешіле ме деген сұраққа министр мырза жоғарыдағы қырғыз-өзбек ағайындармен сөйлесіп жатырмыз, бірақ әлі толық шешілген жоқ деген тұжырым айтты. Шардара су қоймасынан біздің облысқа 25 шілдеге дейін 370 м3/сек су түсіп жатса, ал қазір су көлемін 250 м3/сек азайтты. Бұл азайған су бізге шамамен 3-4 тамызда келеді. Соған байланысты су көлемі де азаяды деген сөз. Осы жағдайлар 80-90 жылдары болған еді. Аудан тұрғындарының бірлігінің арқасында ол қиыншылықтардан да шыққан болатынбыз. Қазір өңірде суды тиімді пайдаланудың түрлі жолдары іске асып жатыр: шаруашылықтар кезекпен егін суғару әдісіне көшті, аудан бойынша каналы бар, қашыртқысы бар 61 насос қондырғылары орнатылып, суды екінші рет пайдалану іске асуда. Осы жұмыстардан бөле мына жұмыстар іске асса нұр үстіне нұр болар еді. Ауыспалы инженерлік жүйеге келтірілген егіс талаптарындағы каналдардағы су реттейтін су тоспалардың жағдайы өте нашар. Солардың қақпақтарын су көтеретін механизмдер қалыпты жағдайда келтірсе су реттеу жұмыстары оңай болар еді. Сағасынан бастап ішкі каналдарды қоғам-қамыстан тазарту жұмыстарын аяқтау керек. Бұл жұмыстың су шығынын азайтуға, уақытты үнемдеуге көп септігі тиер еді. Ыза атыздар болмаса, қашыртқыға су тастауды тоқтату қажет. Аудан бойынша көптеген шаруашылықтар егіске миллиондаған қаржы салды. Қанша техниканы несиеге алып отыр. Сонымен қатар қанша халық осы салада жұмыс істеп, жанұяларын асырауда. Қысқасын айтқанда, еккен егінге үлкен үміт артып отырған жағдайы бар. Сондықтан осындай ауыр кезеңде бірлігімізді, білімділігімізді көрсететін сын сағаты туды. Атам қазақта «Бірлік болса, тірлік болады» деген нақыл сөз бар. Осы сөзді басшылыққа ала отырып, жұмылған жұдырықтай болып, Шиелі жері киелі, жұмыстары жүйелі екенін дәлелдеп, қиыншылықты жеңіп шығайық, ағайын!

Ә.СЕЙІТОВ, су саласының үздігі

04 тамыз 2025 ж. 32 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9324)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (9323)

29 шілде 2025 ж.

№55 (9322)

28 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031