Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстан Қазақстанға 4 млрд текше метрге жуық су жіберді

Өзбекстан Қазақстанға 4 млрд текше метрге жуық су жіберді

Өзбекстан Қазақстанға 4 млрд текше метрге жуық су жібердіСуару кезеңі басталған 1 сәуірден бері Өзбекстан Сырдария өзені арқылы Қазақстанға 3,9 млрд текше метр су жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су ресурстары және ирригация ведомствосының мәлім етуінше сала министрі Нұржан Нұржігітовтің осы тұрғыдағы өзбек тарапымен мәмілесі нәтижесінде келісілген су көлемі келіп отыр. Суару кезеңінің соңына дейін Өзбекстан тағы 1 млрд текше метр су жібермек. Бүгінде Шардара су қоймасында 2,6 млрд текше метр су бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 689 млн текше метрге артық. Оған жалпы көлемі 3,9 млрд текше метр су келді.
Өз кезегінде Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына 3,6 млрд текше метр су жіберілген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 950 млн текше метрге артық. Қызылқұм каналына 700 млн текше метр су, ал 400 млн текше метр Солтүстік Арал теңізіне жіберілді.
«Тоқтоғұл және Бахри-Точик су қоймаларының жұмыс кестесін көршілерімізбен алдын ала келісудің нәтижесінде «Достық» мемлекетаралық каналының Қазақстан тарапы бөлігіне су тұрақты түрде келіп отыр. Аталған канал арқылы елімізге қазір секундына 90 текше метр су келеді. Бұл Түркістан облысы шаруаларын суармалы сумен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті», деді министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
23 шілде 2024 ж. 171 0