Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық шаруаларға 1,25 млрд текше метр су жіберілді

Қызылордалық шаруаларға 1,25 млрд текше метр су жіберілді

Қызылордалық шаруаларға 1,25 млрд текше метр су жіберілді21 сәуірден бері Қызылорда облысының «Қазсушар» филиалы өңір диқандарына 1,25 млрд текше метр суармалы су жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеген филиал директоры Роллан Ахметовтің айтуынша, филиал өңірдің 866 шаруасымен 123,7 мың га егіс алқабын суару үшін 2,86 млрд текше метр су беру жөнінде келісімшартқа отырды.
Сондай-ақ аймақта жалпы ұзындығы 73,4 шақырым болатын 22 арна механикалық әдіспен тазаланып, 19 гидротехникалық құрылыс пен 15 гидробекетке жөндеу-реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.
«Бүгінде күріш алқабының 97%-ы сумен қамтамасыз етілді. Сырдария өзенінің төменгі ағысына Шардара су қоймасынан келетін су көлемінің ұлғаюы нәтижесінде Қызылорда облысында суару кезеңі жоспарға сәйкес өтіп жатыр», деді Р. Ахметов.
19 маусым 2024 ж. 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (9321)

22 шілде 2025 ж.

№53 (9320)

21 шілде 2025 ж.

№52 (9319)

14 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031