ҚОС АҒА – ҚОС САҒЫНЫШ...
Қай кезде де елге, қоғамға адал қызмет етіп, халықтың ыстық ықыласына бөленген азаматтарды жұртшылық кейінгі буынға өнеге етіп айтып, мақтан тұтады.Сондай абзал жандардың бірі – Төлен Көпешов пен Шерәлі Рысбеков ағаларымыз еді.
Мен бұл кісілермен 1980 жылдан бастап «Шиелі-1» автобазасында (қазіргі «Арғымақ» мекемесі) иық тірестіре еңбек еттім. Олар мен үшін тек қызметтес әріптес қана емес, аға-досқа айналған, сыйластығы мен адамгершілігі бөлек, елге қадірлі жандар болатын.
Алланың жазуы солай болды ма, Төлен ағаның жеті күндік асы өтетін күні Шерәлі ағаның қаралы хабары жетті. Бұл – тағдырдың талқыға салынбайтын қатал үкімі еді.
Сөйтіп, бір апта ішінде қос ағамыздан айырылып, асқар тауымыз құлағандай болып, өкініш өзегімізді өртеді.
Бұл қасірет жалғыз менің ғана емес, қатар жүрген жора-жолдастардың, ағайын-туыстың да еңсесін түсіріп кетті. Ағаларымыз келместің кемесіне мініп, бұл жалған дүниемен үнсіз қоштасты.
Қайран ағаларым-ай…
Есімдеріңіз ел жадында сақталып, еңбектеріңіз кейінгі ұрпаққа мәңгі үлгі болып қала бермек. Бұл ауыр қайғыға мен қызметтес інісі ретінде ғана емес, өмірдің талай белесін бірге өткерген жан ретінде жүрегіммен ортақпын.
Есімдеріңіз ел жадында сақталып, еңбектеріңіз кейінгі ұрпаққа мәңгі үлгі болып қала бермек. Бұл ауыр қайғыға мен қызметтес інісі ретінде ғана емес, өмірдің талай белесін бірге өткерген жан ретінде жүрегіммен ортақпын.
Ағаларымның асыл бейнесі, ақыл-кеңеске толы өнегелі өмірі, адамгершілік қасиеттері көңіл төрінде мәңгі сақталады. Қатар жүрген күндер бүгінде сағынышқа айналып, орны толмас өкініш болып жанымды ауыртады.
Алла Тағала марқұмдардың рухын рақымына алып, жандары жәннатта болсын. Артында қалған барша ағайын-туысына, бала-шағаларына сабыр мен медет берсін!
Жатқан жерлері жарық, топырақтары торқа болғай!
Қызметтес інісі:
Нәсіпбай КӨПЕНОВ
Нәсіпбай КӨПЕНОВ





