Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚУАТТЫ ДА ШУАҚТЫ ҚЫЗЫЛОРДАМ!

ҚУАТТЫ ДА ШУАҚТЫ ҚЫЗЫЛОРДАМ!

Алаштың анасы атанған киелі өлкеміз Қызылорда дегенде, селк етпейтін жүрек жоқ. Туған жердің түтінін түзу түтетіп, қазығымызды берік қадап, нық қадаммен алға жылжып келеміз. Соңғы жылдары бұл өңірдің қарыштап дамып жатқаны айқын байқалады. Қызылода облысының әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы өңірдегі газдандыру деңгейін едәуір арттырды. Соның нәтижесінде ауыл үйлері көмір жағумен біржола қоштасып, көгілдір отынның рахатын көріп отыр. Бұл ауылдың әлеуметтік жағдайының жақсаруына қосылған орасан еңбек деп білемін.
Облыс көлемінде соңғы жылдары пайдалануға берілген «Өнер орталығы», жаңа әуежай, «Анаға тағзым» орталығы, өлкетану музейі, теннис орталығы, музыкалық колледж, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық инновациялық академиясы,
11 мың адамдық стадион, «Достық үйі» нысандары – болашағымыз үшін жасалған қамқорлық. Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқан ірі өндіріс орындарымен қатар, елдегі шағын және ірі кәсіпорындардың атсалысуымен облыстың дамуына қатысты әлі талай көлемді жобалар қолға алынады.
Төңірегімізге көз салсақ, көп қабатты, заманауи үлгідегі жаңа тұрғын үйлер, қайта құлпырған көшелер, гүлденген гүлзарлар көздің жауын алады. Сондай-ақ жүрегіңе қуаныш, мақтаныш сезімін орнатады. Ескі құрылыс нысандары, соның ішінде мемлекеттік маңызы бар өнер ордалары, спорттық кешендер, мектептер күрделі жөндеуден өткізіліп, халықтың игілігіне қызмет көрсетіп келеді.
2025 жылдың көрсетіші бойынша, біздің өңір алдыңғы шепке шығып, ел мерейін асырды. Соның дәлелі – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына арнайы келіп, облыс басшысы Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесіп, межелі жоспарымен танысып, облыстың қарқынды дамып жатқанына куә болды. ҚР Президент Жолдауы аясында өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Өзім туып-өскен Шиелі ауданының күннен-күнге өсіп келе жатқанын көрген сайын қуанышымыз еселенеді. Биыл шиеліліктер тың серпінмен  қуаттылығы 40 МВт күн электр станциясы салынды. Бұл жобаны «Тесис» ЖШС іске қосты. Мұндай іргелі істер алдағы уақытта облыстың басқа аудандарынан ашылса, нұр үстіне нұр болмақ.
  Әрбір іргелі істің барлығы – ұрпақ игілігі үшін. Ең бастысы, облыс басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың басқаруымен туған жерінің гүлденуіне тікелей атсалысып отырған әрбір азаматтың қажырлы еңбегінің нәтижесі деп білеміз!
Ақын атамыз, жерлесіміз Әбділда Тәжібаев:
Жазса Тарас Днепірді,
Жазса Пушкин Еділді,
Неге маған жырламасқа
Сырда туған елімді?! – деп жырлағандай, мен де сөз соңын Сыр еліме арнаған жыр шумағымен түйіндесем деймін.
Туғалы сырым болған, жырым болған,
Жаралған ұлың-дағы, қызың нұрдан,
Береке бастауындай қазыналы,
Жайнай бер, жарқырай бер, Қызылордам!
Дамысын күннен күнге құрылысың,
Тату болсын әрдайым өр ұлысың.
Облысты басқарған іскер інім,
Елдің қамын ойлаған Сыр ұлысың! 
 
Жаңашыл әрі арманшыл жастар үшін,
Қол жетпестей көрінбес асқарлы шың.
Жігерлері жасымай, алға ұмтылып,
Ордамызды дамытсын бастап ісін.
Өзіңде мекендеген іргелі ел,
Жаңарып, жасарып та гүлдене бер,
Қуатты да, шуақты Қызылордам,
Күннен күнге құлпырып, түрлене бер!
 
Оразалы Байділда
19 қаңтар 2026 ж. 45 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (9371)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (9369).

10 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031