Аймақ басшысы қаладағы нысандарды аралады
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы бірқатар нысанды аралады.
Алдымен өткен жылы пайдалануға берілген «Анаға тағзым» орталығына барды. Аналардың құрметіне бой көтерген орталық кәсіпкер Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен салынды. Президент тапсырмасына сәйкес бұл ғимаратта «Әйелдердің креативті индустрия орталығы» жұмысын бастады. Мемлекет басшысы Сыр өңіріне жұмыс сапары кезінде жаңа нысанның жұмысымен танысып, мұндай орталық жастарға тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқаратынын айтты.
Одан әрі Нұрлыбек Машбекұлы өткен жылы дербес мекеме болып құрылған Теннис орталығына барды. Еске салсақ, Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы бұқаралық спортты дамытуға қатысты бастамаларды жүзеге асыру мақсатында облыс әкімінің қолдауымен мәдениет және спорт басқармасы жанынан теннис түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі құрылды. Қазір орталықта 297 бала спортпен тегін шұғылданып, халықаралық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
Балалар мен жасөспірімдердің тенниске қызығушылығын арттыру үшін жазғы теннис орталығын қайта жаңғыртудан өткізуге қаржы бөлінетін болды. Жаңғыртылған орталық спорттың осы түрімен айналысуға ұмтылған талапкерлерге жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
Алдағы уақытта қосымша үстел теннисі мен бадминтон бөлімшелері ашылады. Еске салсақ, Наурыз мерекесі қарсаңында Сыр өңірінде жаңа үстел теннисі орталығының құрылысы басталды.
Әрі қарай облыс әкімі жуырда күрделі жөндеуден өткен «Орталық бейітке» барды.
Еске салайық, күрделі жөндеу жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жасалды. Бейіт аумағы абаттандырылып, көгалдандырылып, кіреберіс жол салынды. Оған 110 млн теңге қаржы жұмсалды.
Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Апта сайын барлық елді мекенде өтетін сенбіліктерге мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, еріктілер, жастар белсене қатысып, көркейту-абаттандыру жұмыстары атқарылуда.
Алдымен өткен жылы пайдалануға берілген «Анаға тағзым» орталығына барды. Аналардың құрметіне бой көтерген орталық кәсіпкер Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен салынды. Президент тапсырмасына сәйкес бұл ғимаратта «Әйелдердің креативті индустрия орталығы» жұмысын бастады. Мемлекет басшысы Сыр өңіріне жұмыс сапары кезінде жаңа нысанның жұмысымен танысып, мұндай орталық жастарға тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқаратынын айтты.
«Анаға тағзым» орталығы ең алдымен тұрғындарға пайдалы болуы керек. Бастамаларын уақыт талабымен үндестіріп, жаңартып, жандандырып күнделікті жұмыс істеуі тиіс. Келушілерге жаңа идея, жаңа мүмкіндіктер ұсыну арқылы бағыты айқындала түспек», – деді аймақ басшысы.
Балалар мен жасөспірімдердің тенниске қызығушылығын арттыру үшін жазғы теннис орталығын қайта жаңғыртудан өткізуге қаржы бөлінетін болды. Жаңғыртылған орталық спорттың осы түрімен айналысуға ұмтылған талапкерлерге жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
Алдағы уақытта қосымша үстел теннисі мен бадминтон бөлімшелері ашылады. Еске салсақ, Наурыз мерекесі қарсаңында Сыр өңірінде жаңа үстел теннисі орталығының құрылысы басталды.
Әрі қарай облыс әкімі жуырда күрделі жөндеуден өткен «Орталық бейітке» барды.
«Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген сөз бар. Тұрғындармен кездесуде бейіт айналасын абаттандыру, кіреберіс жолын жөндеу туралы мәселе көтерілді. Бұл орынды күтіп ұстаудан аруақтарға құрметіміздің деңгейі көрінеді. Сондықтан осы жұмыстарды ұйымдастыруға жіті мән берілді», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Апта сайын барлық елді мекенде өтетін сенбіліктерге мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, еріктілер, жастар белсене қатысып, көркейту-абаттандыру жұмыстары атқарылуда.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі