Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Төтеншеліктерге техника табысталды

Төтеншеліктерге техника табысталды

Кеше Қызылорда қаласындағы «Тағзым» алаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен төтенше жағдайлар департаментіне арнайы құтқару техникалары табысталды.



– Кейінгі жылдары Сыр өңірінде игі бастамалар жүзеге асып, аймағымыз қарқынды даму жолына түсті. Экономиканың барлық негізгі көрсеткішінде өсім бар. Облысымыз алғашқы екі айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші бойынша өңірлер арасында алғашқы орыннан көрінді. Аймақ бюджеті 650 млрд теңге болып бекітілді. Бұл ауқымды қаражат алғашқы кезекте өзекті мәселелерді шешуге, жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталуда. Өңірде барлық саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдық берілуде. Қоғамдық көліктің мәселесін түбегейлі шешу үшін 300, мектеп оқушыларына 30 автобус, денсаулық сақтау саласына 70 жедел жәрдем көлігі, орманшыларға 95 техника, ветеринария саласының мамандарына 30, құқық қорғау органдарына 92 қызметтік автокөлік алынды. Өңірдің коммуналдық саласына да басымдық беріліп, 42 техника тұрғындар игілігіне қызмет ету үшін табысталды, – деді облыс әкімі көпшілік алдында.
Сондай-ақ «Үлгілі елді мекен» облыстық байқауы жеңімпаздарына күнделікті ел тұрмысына ең қажетті деген заманауи үлгідегі 29 арнайы техника берілді. Биыл облыс тұрғындарының сұранысына сәйкес өңірдегі барлық елді мекендегі денсаулық сақтау ұйымдарына 200 санитарлық автокөлік алу жоспарда бар.
– 2022 жылы төтенше жағдайлар департаментіне облыстық бюджеттен жалпы сомасы 54,3 млн теңгеге Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан тез құрастырмалы модульді құтқару станциясы пайдалануға берілді. Былтыр 40-тан астам арнайы құрылғылар алынды. Сол жағалаудан заманауи үлгідегі нысандар құрылысы жүргізілуде. Олардың қатарында автовокзал, көп қабатты тұрғын үйлер, Орталық стадион, жаңа теннис орталығы, физика-математика мектеп-интернаты, «Оқушылар сарайы», музыкалық колледж, жаңа өлкетану музейі, көпбейінді аурухана, «Қан орталығы» секілді зәулім ғимараттар бар. Бұл нысандар өрт қауіпсіздігін талап етеді. Алдағы уақытта Сырдария өзенінің сол жағалауына өрт сөндіру депосын, ал Арал ауданындағы Сексеуіл кентіне тез құрастырмалы өрт сөндіру депосын салу көзделуде. Енді, міне облыстық бюджеттен құны 1 млрд 900 млн теңгеге 14 және республикалық бюджеттен құны 266 млн теңгеге 3 бірлік негізгі өрт сөндіру техникалары табысталуда, – деді облыс әкімі.
Салтанатты жиын барысында сала ардагері Қорғанбек Қайруллаев тілектестігін білдірді. Төтенше жағдайлар қызметінде үздік қызметімен көзге түскен бір топ мамандар лайықты сый-құрметке ие болды.

«СБ» ақпарат

16 наурыз 2024 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930