Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА 70 АВТОБУС ҚАЛАЛЫҚ БАҒЫТТАРҒА ҚОСЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА 70 АВТОБУС ҚАЛАЛЫҚ БАҒЫТТАРҒА ҚОСЫЛДЫ

Бүгінде Сыр өңірінде халықтың қолайлы тұрмысына, өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді. Кеше тұрғындар өтініш-тілегі ескеріліп, тағы да 70 автобус қалаішілік бағыттарға қосылды. Іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов, ардагерлер мен жауапты сала басшылары қатысты.
Аймақ басшысы қызылордалықтарды жаңа қоғамдық көліктердің ел игілігіне табысталуымен құттықтады.
«Соңғы екі жылда мектеп оқушыларына 30 автобус, денсаулық сақтау саласына 70 жедел жәрдем, орманшыларға 470 техника, құқық қорғау органдарына 92, ветеринарларға 30 қызметтік автокөлік, электр тарату торабына 16 автокөлік алынды. «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсының жеңімпаздарына күнделікті ел тұрмысына ең қажетті деген заманауи үлгідегі 29 арнайы техника берілді.
Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдау қызметін жақсарту мақсатында соңғы екі жылда 200 жаңа автобус алдық. 2022 жылы 150 жаңа автобус сатып алынса, өткен жылы тағы 50 үлкен сыйымдылықтағы көлік қалалық және қала маңындағы бағыттарға қосылды. Осы жылы 100 жаңа автобустың ел игілігіне берілуі жоспарланса, соның 70-і бүгін табысталуда. Осылайша облыс орталығындағы қоғамдық көлік мәселесін түбегейлі шешеміз. Баршаңызды қалалық бағыттарға қосылатын жаңа қоғамдық көліктердің табысталуымен шын жүректен құттықтаймын», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Іс-шарада көлік саласының ардагері Өмірбек Шәменов те жерлестерін құттықтады.
Айта кету керек, «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-не қарасты үлкен сыйымдылықтағы автобустарда мүмкіндігі шектеулі жандар, ересектер мен оқушылар үшін QR-кітап оқуға қолайлы жағдай жасалған. Ал автобустардың келуін «2ГИС» және «Яндекс GO» ұялы қосымшалары арқылы бақылауға мүмкіндік бар.
Қазір өңірде жол-көлік саласын дамытудың ауқымды жобалары жүзеге асуда. Өткен жылы республикалық және облыстық бюджеттен 38,5 млрд. теңге бөлініп, 671 шақырым жол жөндеуден өтті. Нәтижесінде облыстағы жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 87,5 пайызға жетті. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 25 млрд. теңгеге 230 шақырым жол жөнделеді. Жыл соңына дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 90 пайыздан асады.
Қызылорда қаласында 975 млн. теңгеге заманауи үлгідегі автовокзал салынуда. Халық көптен бері мәселе етіп көтерген Ғ.Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі ел игілігіне берілді.
Жұртшылықтың сұранысына сәйкес «Қызылжарма» каналы арқылы «Бәйтерек» шағын ауданына өтетін көпірі ашылды. Биыл Қызылорда қаласында Жаппасбай батыр көшесі 4 жолақты болып кеңейтіліп, Яссауи көшесі қайта жаңғыртылады. Жанқожа батыр көшесінен теміржол асты көпірі салынады. Бұл жобаларға республикалық және облыстық бюджеттен 11 млрд теңгеге жуық қаржы қаралды.

13 ақпан 2024 ж. 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031