Еңбегі – ерен, Бітімі – берен
...Сіңірсем деймін жеріме,
Маңдайдың терін ағызып.
Жасасам деймін еліме,
Жанымның отын тамызық.
Сырбай ақын
Сөз басы
Иә, қарапайым ғана осы 4 жол өлең шумағы кестелі сөзбен өрнектелген бір поэманың жүгін арқалап тұрғандай көрінеді маған. Туған топырағыңа тәу етіп, ащы теріңді сығып жан-тәніңмен елге қызмет жаса деген сөз қай кезде де өміршең. Қадым замандардан бері еліне қорған, жұртына пана болғандардан қалған ізгілікті жол, ілкімді нұсқа да осы! Алағай да бұлағай небір қиын-қыстау замандарда да мыңды айдап, жүзді жұтқан небір бай-бағланның бүгінде сайда саны, құмда ізі жоқ. Өткен ғасырда өмір сүріп шалқыған дәулетін игі амал, ізгілікті іс, елдік мүддеге жұмсағандардың ғана (Маман-қажы Қалқабайұлы мен көпес Қосшығұловтар әулетінің, ағартушы Ыбырай Алтынсары сияқтылар) ұрпақ жадында жаңғырған есімдері аталады. Осыны Хакім Абай «...Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!» деп өрнектепті. Осы ұлағатты осы күні кәсібін дөңгелеткен қалталы азаматтар жадына алып, ұстанып жүрсе нұр үстіне нұр болар еді-ау. Арғы-бергіні қозғағандағы мақсат та осы. Көріп жүрміз, қисынын тауып, қиуын келтіріп, өңірдің дамуына мысқалдай да болса үлестерін қосып, жақсы атын шығарып жүрген жігіттердің қарасы көбейе бастағаны қуантады. Аракідік «Әттеген-ай, өңешін созып өжектейтін кейбір байсымақтарымыздың құмар ойындарынан басқаға құлқы жоқ, құр даңғаза дырдуға әуес...» дейді ұзынқұлақ. Қылаң берген күбір-сыбырға бола ел азаматтарын оғаш тірлік, одағай қимылға қайтіп қиярсың? Сөз қумақ әдетімізде жоқ әдеппен, ләйім қаңқу болсынға жоримыз мұны. «Кәсіптің көзін тауып адалдан дүние құрастырса – нарықтың заңдылығы. Жиғанын еселесе – іскерлік. Бай болу – айып емес, бар болғанға не жетсін?» дейміз ғой баяғы... Десек те, дүние дүрмектің кәрі тарих әлдеқашан дәлелдеген тағы да бір өз заңдылығы бар. Тек рухани құндылықтармен нәрленген байлықтың ғана баяны болады екен. Осыны іскер азаматтарымыз дәйім жадында ұстаса екен деген тілек қана біздікі.

Ізгі ой, игі жұмыстар
«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді» деген данышпан Толстой қарияның сөзі адамзаттың ұстазы болып мойындалған Әл-Фарабидің де ізгілік жөніндегі трактаттарымен үндес. Өзіміздің Абай хакімнің де ойларымен орайлас. Өз хал-қадерімізше тәпсірлесек: «Ізгілік – адам бойындағы ең асыл қасиет» екен. Ізгіліктің үлкен-кішісі болмайды. Безбендеп өлшеуге де келмейтін, қолға ұстай алмас құндылық екенін ұғынамыз. Тек көзбен көріп сүйсінесің, ақылға салып түйсінесің. Осынша созбақтағандағы айтпағым, айналасына ізгілік шуағын шашып жүрген адамдар өз айналамызда да жоқ емес екен. Тек көре білсек, тани білсек болғаны. Көргені мен көңілге түйгені көп, үйренгенінен үйретері бар, елге қызмет жасауды парызым деп білетін осы мақала кейіпкері Дәулет Егембердіұлы міне осындай азамат! Соңғы он жыл көлемінде өнімді еңбек, өнегелі істерімен көптің аузына ерте ілінген жігіт ағасы. Қашан көрсеңде көңілі шуақ, маңдайы жарқырап, әлдебір мәселелердің соңында үнемі асығыс жүретін оған кеше ауылда, бүгін орталықта, ертең қалада, арғы күні Астанада жүрмін десе таңқалмаңыз. Шаруасы көп және олар қарақан басының қамы емес. Ауылдастарының жай-күйіне байланысты жұмыстар болатынына еш күмән келтірмеңіз. Ер азығы мен бөрі азығы жолда деген бекер емес, өзі ізденіп, өзі жүгірмесе, жыл он екі ай толастамайтын шаруашылық жүргізудің қалыпты ырғағын қамтамасыз ету оңай жұмыс болмайтынға ұқсайды. Оның үстіне қоғамдық жұмыстары тағы бар. Қыстың қамынан басталып, көктемнің қарбаласына жалғасып, жаздың жайына ұласар күні-түнгі қат-қабат жұмыстар үйлеспесе алтын күздің аста төк берекесі қайдан келмек? Жаратылысынан жүрегі таза, аузын ашса, жүрегі көрінеді дейтін риясыз күлкісімен-ақ өзіне баурап алар қасиет бар Дәулетте. Көп сөзге жоқ, шешенсінбейді, білгішсініп көсемсінбейді. Тірлігі тақадай іскер, қорғасын құйған сақадай салмақты. «Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек, жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек» дейтіннің нағыз өзі. Шаруашылық табысынан ауданда алғаш болып жұмыскерлеріне автокөлік мінгізіп, тұрғын үй сыйлау, ауылға әлеуметтік нысандар салу үрдісіне бастамашы болған азамат! Толарсақтан топырақ кешіп жүріп еңбегін сіңіріп, егісін баптап ел ырысын арттырып жүрген бір шоғыр жігіттердің көш басынан көрінетін биік беделге ие. Аудан тарихына алтын әріппен жазылған 16 Еңбек Ері шыққан «геройлар» мекені Авангардтың ізіндегі бүгінгі «Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы. Облыстық мәслихаттың депутаты, «Құрмет» орденді ауданның құрметті азаматы Дәулет Жұмбеков 63-ке яғни, зейнет жасына толыпты осы жыл. Өзінің бедерлі белесіне тек шаруашылық ұйымдастыруда жеткен жетістіктермен ғана емес, ауданның, облыстың қоғамдық өміріне де белсене араласқан, өңірдегі соңғы жылдары бой көтерген бірқатар әлеуметтік маңыздағы нысан құрылысын қаржыландыруға да өз өкілеті шеңберінде айтарлықтай үлес қосқан үлкен абыроймен келіпті. Өзі айтқандай, зейнетке шығып қол қусырып қарап отыру ойында жоқ. Алдағы жылдарға белгілеген жоспарлы жұмыстарының көптігінен шаршауға да уақыты жоқ сияқты. Шаруасының шаш етектен болатын қарбаластан бір-екі ауыз әңгімеге тартпақ ниетімді жүзеге асыру да оңай болмай шықты. Қыр соңынан қалмай жүріп, әйтеуір сәті түсіп кездестік-ау дегенде, суыртпақтап сұраған сауалдарыма да тым қысқа қайырады. Ұжым мүшелері мен ауыл тұрғындарына жасаған материалдық қолдау мен қайырымдылық шаралар жайлы білгім келсе: «Ей, оны ауылдың бәрі біледі ғой...» деген бір ауыз сөзге сыйғыза салады. Балалық шақ, өскен орта туралы естігің келсе: «Өй, оны Мырзекең (үнемі жанынан табылатын нағашы досы) қатырып айтып береді, содан сұраңызшы?..» деп құтылады. Тым болмаса соңғы жылдарғы шаруашылық табысы есебінен соғылып ел игілігіне қызмет етіп отырған бірқатар жаңа құрылыс жайлы көсіліп айтар-ау десем, оған да құлықты емес: «Ардагерлеріміз бар, мамандарымыз бар солай шештік қой, бұл жағын Кенжетай ағай жақсы біледі...» деген сырғытпа сөз осылай жалғаса береді. Осы игілікті істердің қисынын тауып, қиуын келтірген, қаржыландырып жүзеге асырған Дәулетімнің жауабы әлгіндей... «Мен бастадым», «мен істедім» демейді. «Мен» емес, «біз» деген көптік мағынаға сыйғызып айтады бар әңгімесін. Япыр-ау, ойды – ордым, қырды – қырдым демесе де, көптің көңілінен шығып кәдесіне жарап жүрген, орайын келтірген оңтайлы жұмыстарын айтуға болады ғой деп ойлаймын. Жоқ, өзіне телуге – сараң, өзгелерді дәріптеуге – мырза. Қолдады дейді, қуанды дейді, әйтеуір – ырза. Сыпайы да сырбаз жігіттің «мен» емес, «біз» деп сөйлейтін өзімшілдіктен мүлдем ада осы мінезіне тән тұрмасқа лажым қалмады. Елдің аманатын арқалап жүрген Дәулетті тағы да бір жақсы қырынан танығандай болған бұған – мен де разы.

Тарихтан тағлым
Тәлім – отбасынан әрине. Тәрбиенің өскен ортадан да жұғысты болатыны ғажап емес. Ұжымдық сана үстемдік еткен Кеңестік қоғамның төл перзенті болатын өз болмысыма да жат болмайтын қисынмен Дәулеттің қауымшыл болатын мінезіне бойлап үңіліп, бастау бұлағын таныған да сияқтымын. Айрықша ымырашылдығымен ерекшеленіп, өзара ишара-ыммен-ақ ұғысатын салт-дәстүрін, әдеті мен әдебін сақтаған ортада өскені, белгілі бір дәрежеде оның мінез-құлқына әсер етпей қоймады дейсіз бе? Бүкілодақтық даңқы алыстарға жеткен Авангард колхозында туып өскендігін – Дәулеттің тағы да бір ықтимал артықшылығы деуге негіз болатындай. Осыған орай, кезінде көпшілік кәріс колхозы деп атайтын бұл ауылдың тағдыры да өзгеше қалыптасқан тағлымды тарихына қысқаша шолу жасау артық болмас.

Әлқисса, бірер жылда 90 жылдығы атап өтілетін бүгінгі Ақмая, бұрынғы Авангард шаруашылығының тарихы өткен ғасырдың атышулы 1937-1938 жылдардан бастау алады. Кең байтақ Кеңес мемлекетінің қиыр шығысы Хабаровск өлкесінен күштеп жер аударылған корейлердің бір тобы Шиелі жеріне аяқ басады. Солардың ішінен 30-40 отбасы Ақмая аталатын 22 бекет тұсындағы «Құрманай бауы» маңайына, жер кепелер қазып, қамыс, талдардан асығыс жасалған ықтасындарды паналағанын естіп өстік. Жер тырнап егіс салуға бейім, оның ішінде күріш дақылын өсіруге машықтанған бейнеткеш халық құмбыл іске жұмылыпты. Негізгі жұмыс құралы күрек болса да, қалың қамысы аралас миясы тұтасқан боз даланы бұрқыратып, шоғыр-шоғыр жиде мен шеңгелден тазартып, болашақ егістің танабын салады. Суландыру жүйесін жасап, атшаптырым жерден бір құлақ су алып 6 шақырым арық қазып атыз көтеріпті сол жылы. Тумысынан еңбекпен пісіп қайыстай қатқан үлкен-кішісінің жанкешті еңбегі өз нәтижесін беріпті. Алғашқы жылдың өзінде егіс көлемін 137 гектарға жеткізіп, 1239 центнер алған өнімнен 146 мың сом қаржылай таза табыс тапқаны жөніндегі хатқа түскен дерек таңқалдырады. 10 жылда егіс көлемін еселеп арттырған Авангард 4 түлік малынан бөлек, бал арасын өсіріп, шошқа, тауық фермаларын ұйымдастырған аудандағы жан басына шаққандағы табысы шаш етектен ең іргелі шаруашылыққа айналып үлгергені тарихқа таңбаланған. Сол жылдардың өзінде 4 көшенің бойына қала типтес тәртіппен орналасқан 180 үй түгел электрленіп, телефон байланысы орнап, радиоланған ауылдың даңқы бүкіл Қазақстанға тарапты. Әйгілі диқан Ким Ман Самның 1947 жылы өзінің Сталиндік сыйлық қаражатына салдырған 250 орындық клуб үйі халыққа күні бүгінге дейін қызмет жасап келе жатқаны осыған дәлел болса керек. Мұнан бөлек мектеп, аурухана, монша, диірмен, шаштаразы болған ауылдың даңқына сай сән-салтанаты болғанын баспасөз құралдары жарыса жазыпты. Жергілікті ақын Таубай Қирабаев (Айтыс. 1959 жыл. Қарсыласы Ленин колхозының Шыныбек ақын) былай дейді:
Ауылымда онбір герой есебі бар,
Олардың алтауы жоқ, бесеуі бар.
Колхоз ең бізден бұрын орналасқан,
Өзіңде сол геройдың нешеуі бар?!
Көсемнің атындағы колхоз едің,
Бір герой шықпайтұғын ауылыңның қандай кеселі бар?!
Иә, Ақмая ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәду Пірімбетов жолдаған осы жолдардан 1950 жылы «Ақтөбе», 1960 жылы «Большевик» колхоздарының қосылуымен іріленген Авангардтың шын мәнінде жұмыс күші (250-300 адам) мен кадрлық әлеуеті мықты болғанға ұқсайды. Оған көп ұлтты ауылдың негізін қалаған кәрістердің Кеңес үкіметі сенімсіздік танытып жойқын соғыстың қасап қырғынына ілікпей шығынсыз, дін аман шыққаны да, кейіннен келіп қосылған өзге де арнаулы білімді, білікті мамандармен толыққан жағдайлары да оң әсерін тигізгені анық.
Ауылым – алтын бесігім
Міне, осындай бір ізді жүйеге түскен жұмыс ұйымдастырудың өзіндік тәсілі мен еңбек тәртібі, салыстырмалы түрде жоғары мәдениеті, көпұлтты ауылға тән интернационалдық ынтымақтастық менталитет қалыптасқан Авангард ауылында 1962 жылдың қарашасында қарапайым колхозшылар отбасында Дәулет Егембергенұлы дүниеге келіпті. Марқұм жазушы ағамыз Серік Байхонов: «Мен мектепті бітіріп КазГУ-ге түскенде әлемдік әдебиет пен мәдениеттен толық хабары бар, көпұлтты Кеңестік әдебиет алыптарының туындыларын кәрістің шемішкесінше шағатын бірден-бір студент болып, мүйізі қарағайдай ұстаздарымды таң қалдырғанмын!..» деп айтушы еді. Мұншалықты терең білімді ауылға жер ауып келген Ленинградтық әдебиетші ғалым «пәленшеден», Мәскеу консерваториясын тауысқан «түгеншеден» (есім сойлары жадымда қалмапты) қуғында жүрген зиялылардан алдым ғой дейтін, сояудай сұқ саусақтарын шошайтып әлденені меңзегендей масаттанып. Студент күнінде алғашқы кітабы шығып жазушы атанған сұңғыла суреткердің сөзіне қалай сенбейсің? Балалық шағы осындай немесе осыған жетеқабыл ортада өскен Дәулеттің де бітім болмысына, атақты ауылдың жазушы ағамыз суреттеген ерекшелігі, ауыл халқының кәсіби машық, еңбек ету дағдысы мен әдет-ғұрыптарының әсері болмай қоймайтыны анық қой. Олай болса, арада көп жыл өтіп замана ауысқан жылдарғы өтпелі кездің қиын тұстарында шашырап шаң қауып қалған елдің еңсесін көтеріп, шаруасын түзеп, түрленіп қайта түлеуіне Дәулеттей атпал азаматтың оралуы да кездейсоқ сәйкестік емес шығар бәлкім. Орайы келгенде айта кету әділдік болар, ауданның әлеуметтік саласындағы басшылық қызметімде жүргенімде сол кездегі аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев шақырып: «Елдің азаматысыз ғой, Авангардтық кәсіпкер жігіт Дәулет Жұмбеков жайлы тереңірек білгім келеді, зерттеп көріңізші?» деген емеурін білдірді. Сол жылы ол кісінің тегеурінді талап қоя білген ұтымды ізденісі, ересен еңбегінің нәтижесінде Жоғарғы соттың қаулысын шығартып, құйтырқы схемаларымен атышулы БТА банкінің меншігіне өтіп бұғатталған ауданның 4 бірдей ірі шаруашылықтарының мыңдаған гектар жерлерін қайтарып алғаны елдің ризық несібесін еселеген үлкен ерлік еді. Осыншалықты еңбек, түйткілді түйін, қым-қуыт қайшылықты қиындықпен қайтқан шаруашылықтың жеріне иелік жасап, басшылық етуге лайықты кадр іздеп отыр деп түсіндім. Солай болып шықты да. Бұл 2014 жыл болатын. Аудан басшысының өзім куә болған тікелей қолдауы, ауыл ардагерлерінің де қалауы болған ойынан шығып, көпшіліктің сенім артқан оңтайлы шешім көп өтпей-ақ өз жемісін берді де. Жердің киесі, елдің иесі болады дейтін сөз тегін емес. Жер мен елдің қадіріне жетіп қасиетін танитын, ауыл ғана емес, аудандық деңгейдегі кадрдың да өз ортамыздан шыққаны, соңғы жылдары өңіріміздің дамуына серіппелі серпін берген тың бастамаларымен жақсы атын шығарып жүрген жоқ па? Олай болса киелі Шиелінің бұрнағы даңқын жаңғыртып жүрген осы азаматтар санатында шоқтығы биік, бәсі басым болатын менің кейіпкерім Ақмаялық Дәулет Жұмбеков те бар екеніне еш күмән келтірмеңіз.

Өскен орта
Дәулеттің балалық шағы мен жасөспірім кезеңі сол тұстағы өз тұстастарынан көп өзгешелігі жоқтың қасы. Десек те, ұста – қолыңа, тісте – аузыңа, ішкені алдында, ішпегені артында дейтіндей бұла болып өспепті. Жетісіп, желпініп жүретіндерден бойын сәл аулақ ұстайтын бұйығылау болатыныдай да бар екен. Өзі айтады ғой: «Құдайдан жасырмағанды адамнан жасырып қайтейін? Үйдің үлкенімін, 4 баласына қарайласпақ түгілі, қара басын алып жүре алмай кеткен әкеден қайран жоқ. Қайран шешем бізді қалай жеткізем деумен ертелі-кеш колхоздың жұмысында. Аш-жалаңаш болмасақта, бір түйір нанның қадір-қасиетін білген сияқтымын, 6 жасымнан бастап еңбектің дәмін таттым десем болады» деп. Түбі тесік шелекті даңғырлатып тары қорып торғай қуып атыз жағалап жүгірген еңбек емей немене десеңізші? Балалықпен, көшенің өзге жалаңаяқтарына ілесіп колхоздың алма бағына ұрлыққа түскен кездері де болыпты. Мырзан досының айтуынша «Мен қарауыл қарап тұрайыншы...» деп бүгежектеп қорадан әрі қадам баспайтынын көрінеді. Осынысына бола «қорқақ» деп әжуалайтын «шпаналармен» шатыр-шұтыр жаға жыртысқан кездері де болыпты. Бойы бәкене қораш болғанымен, қорқақ еместігін бәстесіп бәсекелесіп жүріп, ауыл сыртындағы каналдың шіреп аққан суына қайта-қайта «сальто» жасап секіріп, жүзу мен сүңгуден құлаш бойы алда келетін жүзгіштігімен дәлелдепті. Ышқырына қыстырған майкесін толтырып алма әкелген бір күнгі кеште апасына ұсталып қалғанын еш ұмытпайды. «Мынаны қайдан алдың?» дейді ғой түсін суытып. Күмілжіп: «ана..., анау... кім ғой...» дей беріпті міңгірлеп. Жылағысы келген жыртиған көзін күлдіге жорыған апасы күйіп кетсе керек: «Өй күміра баққыр неме! Күледі ғой тағы! Мені ұрлықпен асырамай-ақ қой, енді қайтып колхоздың бағына түссең милицияға беріп қаматам!» деп жер-жебіріне жетіп әбден ұрсыпты. Бұл да ұят, аят дейтін тәрбиенің әліппесі. «Е-ее милиция деген бәрінен күшті екен ғой, ендеше үлкейгенде мен де милиционер болам» деген алғашқы арман ұялапты ойына сол күн. Сол арманын әлдилеп жүріп ауылдың №49 орыс қазақ аралас мектебін бітірген 1980 жылы, ту-у сонау Украинаныың Харьков қаласындағы жоғарғы милиция академиясына оқуға түсіп, бір жарым жыл оқығаны туралы өмірбаянына жазылмаған оқиға да орын алған өмірінде. Әзірге, жазда шөп орып, қыста отын таситын ауыл баласының әдеттегі ойнап жүріп істейтін жұмыстарға жегіліпті. Ең қиыны мектептің бар баласын апарып күріш отаққа салғандағысы. Белуардан су кешіп жүріп, үстіңнен гербицид шашқан самолет ұшқанда үріккен шүрегейдей шашырап жан-жаққа қашса да, еңбек сабағынан беретін мұғалімі құрулап атызға қайта салатын кездер ұмытылмайды дейді сөз арасында.Көрпе жастығын арқалап бір ай шамасында азып-тозып үйге әзер оралғанда, артынша мал азығын дайындау, шөп жинау науқаны күтіп тұрар еді. Тіпті оқу басталған қыркүйек айында да, сабақтан тыс уақыттарда жүгері қайыруға жегіліп, әйтеуір қара күзге дейін бір дамыл болмайтын колхоздың жұмыстарына қатысып шыңдалып өскеніне еш өкінбейді. Кейіннен ұмытылған бір ғана өкініші, жоғарыда өзім айтып өткен бала күнінен қиялы тербеген арман-мұратына жеттім-ау дегенде қатты сырқаттанып ауырған анасының, оқу орны мен өзіне қайта-қайта хат жазып жүріп, қоярда-қоймай ауылға алдырғаны. Несі бар, милиция генералы болу пешенесіне бұйырмаса да, ауыл шаруашылығы генералы болу маңдайға жазылған тағдыр күтіп тұрыпты алдында.

Кәсібім – нәсібім
Дәулет ауыл шаруашылығына кәсіптен келді. Оған дейін де сол өзі туған ауылда механизатор болып жүріп әскер қатарына алынып, кейіннен сырттай оқып жүріп үйреншікті жұмысын ыждағатпен жалғастырады. 1983-2000 жылдар аралығында Авангард совхозының комсомол-жастар бригадасы құрамындағы озат механизатор ауылға ең алғашқы алып Ка-700 тракторының руліне отырған да осы Дәулет. Шаруашылықтың инженер-техникалық басқару құрамына өтіп үш жыл қатарынан автогараж меңгерушісі қызметінде жүргенінде кездейсоқ сәйкестік сәтімен кәсіпке бет бұрады. Ойда жоқта, әскерде бір болған өзбек досы аса мұқтаждықпен техникалық жағдайы өте жақсы КамАЗ жүк көлігін тіркемесімен алуға ұсыныс жасайды. Қарызданып, қауғаланып әзер құрастырған 200 мың тенгеге алған көлігінің дөңгелегіне құт айналып, сауда-тасымал кәсібі жүріп, қомақты табыс тауып қордаланған беріде сериясы ғана бөлек, номерлері бірдей оның иелігіндегі көлік саны 10-нан асып жығылыпты. Ауыл орталығынан үлкен дүкен ашып көрші Өзбекстаннан азық-түлік, басқа да сұраныстағы тауарлар тасиды. Гектарлап бақша еккізіп Авангардтың тәтті қауын-қарбызын апармаған жері жоқ десе де болады. Қазақстанды былай қойғанда Ресейдің барлық іргелес қаласы мен ішкеріге өтіп жасаған саудасы бір жүйеге түскен тұста ауыл ақсақалдары мен аудан басшысынан шаруашылыққа қайта оралу жөніндегі ұсыныстарына әуелде еш ықырары болмапты. Өз отбасының жағдайы түзелгенімен ауыл халқының көпшілігінің тұрмыс жағдайы оңала қоймағанын көріп жүр. Жауапкершілік жүгін шамалайды. Шашылған шаруаны қайта жинап аяқтан тұрып кеткенше, 10 жыл тірнектеп жинаған өз дүниесі мен қаражатын салып, техникасын жұмылдыру қажеттігі көрініп тұрды. Ойы құрғыр он саққа бөлінеді. Көзін ашқалы тырбанып алға ұмтылумен келе жатыр. Бейнетті де бір кісідей-ақ көрген сияқты. Марқұм анасының: «Тым қияндап алыс кеттің, балам. Бір үйдің үлкенісің, әкеңнің жағдайы анау, олай-бұлай болып кетсем өзіңнен кейінгі мына іні-қарындасыңа кім еге болады?» деген бір ауыз сөзін жерге тастай алмады. Елге оралып, баяғы таз кепешін қайта киіп трактор айдаған. Егістікпен байланысты болатын барлық жұмысты, белшесінен батып жүріп атқарған. Жер жырту – таңсық емес, тегістеп длиноваз тарту – машығы, тұқым сеуіп, күріш орудан неше рет чемпион болғанынан жаңылып та қалды, бақша егіп, көкөніс өсіру – кейіннен игерген кәсібі. Бар өмірі жер – сумен байланысты болған несібесін де осы ата кәсіптен тауып отырғанын түсінеді. Енді міне, өз қолы өз аузына жетіп, енді жетілдім дегенде ауыл ақсақалдары мен аудан басшысы жерге ие бол деп қолқа салады. Не істемек керек? Жердің жағдайын біледі, елдің жағдайын да көріп жүр. Көппен көрген ұлы той деуші еді ғой?.. Он ойланып, жүз толғанған ішкі ойымен арпалысып жүріп тәуекел еткен-ді.

Нартәуекел
«Тәуекел түбі жел қайық, өтесің де кетерсің!» дейді нақыл сөз. Көргені бар болғанмен, үлкен ұжым басқару тәжірибесі жоқ Дәулеттің «Қайтпек керек? Қалай болар екен?..» деген ішкі уайымы да болды әуелде. Шешінген судан тайынбас. Әрі-сәрі ойдың ұшығын ұстағандай болып, өзіне бала күннен таныс елдің еңбегі жанып, атағын шығарған ескі сүрлеудің ізіне түсуге бел шешіп білек түрінді. Жаңадан жол іздеп жаңалық ашпай-ақ, сара жолдың соқпағына түскен бағыты адастырмапты. Ауыл ақсақалдары бас болып, ұжымдастарымен бірлесіп жүріп жыл сайын ілгері жылжыған қадамдары нық. Жеткен жетістіктері де аз емес. Мақсаттары айқын, заман талабына сай бейімделген қимылдары ширақ. Диқангершіліктің қыр-сырына бала күнінен әбден қанық, жер иісін сезініп өскен шаруашылықтың жаңа төрағасы алдымен жұмыскерлерді қаржылай сый ақы мен материалдық қолдау түріндегі ынталандыру шараларын ойластырудан бастағанын айтады. Нәтижесінде, ұжымдастар арасында өзара түсіністік, силастық қарым қатынас артып, сенім нығайды дейді. Тәсілдің өзгеруімен жүйеленген еңбек тәртібі қалыптасыпты. Әуелгі кезде ұжымның жұмыла қимылдаған қол күші, кейінгі уақыттарда ортақ табысы есебінен аз уақытта ескі гараж орны бұрынғы қалпына келтірілді. Заманауи, еңбек өнімділігі жоғары жаңа техникалар үшін айналасы қымталған жабық бастырма, жабдықталған асхана, тұқым тазалағыш агрегаттар, қойма, басқа да қосалқы құрылыстар жаңадан салынды. Осы жылдарда шаруашылықтың техникалық паркі 20-дан аса озық үлгідегі шетелдік техникалар және түрлі агрегаттармен, дрондармен жарақталыпты. 2028 жылға дейін барлық трактор мен комбайнның лизинг төлемдері толығымен жабылады. Көркейту-көгалдандыру, ауылды абаттандыру жұмыстары жолға қойылған. Осының айқын көрінісі бүгінгі жол бойындағы қоршалған жасыл желектер мен аллея, сквер, суы сылдырап аққан аяқ су,таза көшелерден көрініс табады. Соңғы жылдары шаруашылық табысы есебінен бой көтерген екі қабатты еңселі кеңсе ғимараты, үлкен мейрамхана мен зәулім спорт кешені, монша, кафе типтес дүкен, күріш зауыты елдімекеннің ажарын аша түскен ауыл тұрғындардың тынымсыз тіршілігінің белгісі. Сиыр фермасы жұмыс істеп күнделікті өнім келісім-шарт бойынша «Ару-Ана» қымыран-сүт зауытына тапсырылатын қосымша табыс көзі. Осы мерзімге ауыл халқына мектеп және дәрігерлік амбулатория, клуб үйі мен кітапхана, мешіт, жеке сауда дүкендері қызмет жасап тұрған ауылдың бүгінгі келбетіне тұрғындардың тұрмыс тіршілігіне тірек болып отырған «Ақмая» шаруа қожалығының өз табысы есебінен қосып отырған үлесі зор. Әрине, шаруа қожалығының басым бағыты егін. Негізгі табыс көзі де осы. Көпшілігі «кәрістен қалған кәсібіміз» деп атайтын 270-300 гектарға жыл сайын бақша өсіріп саудалауға әбден дағдыланған. Жерін дайындау, сумен қамтамасыз ету шаруашылықтың мойнында. Осы жылдарда жыл қорытындысымен озаттарға 30-дан аса автокөлік, 5 үй сатып алынып, 2 тұрғын үй жаңадан соғылып сыйға беріліпті. Кеңес кезінде де озаттың озаты ғана ілуде бір қол жеткізетін мұндай аста-төк молшылықтың болмағанына мен куә. Мұнан бөлек, үлескерлердің әр қайсысына тиесілі күріш, мал азықтық шөбі тегін таратылатын ауыл халқының жағдайын өте жақсы деуге болады. Ынтымақ бірліктегі тұрмыс тіршілігі де қалыпты. Ауыл әкімдігі мен ардагерлер кеңесінің ұйғарымымен тұрғындардың осал топтарына тұрақты түрде материалдық және қаржылай қолдау көрсету дәстүрге айналғаны қашан. Шаруашылық есебінен 15 миллион қаржы бөліп, ауылды газдандырудың жоба сметалық құжатын жасатқаны, ауыл халқын көгілдір отынмен қамтуды жеделдеткен. Дәстүрлі мерекелік күндерге орай ұйымдастырылатын мәдени көпшілік, басқа да ауылішілік шаралар мен жиындарға демеушілік жасайтыны, тұрғындарға деген қамқорлығының бір ғана мысалы. Ең өзекті мәселе, Батыс Қытай-Батыс Еуропа күре жолынан Ақмая ауылының тұсынан айналма жол салудың машақаты оңайға соқпаған қиын түйін шешімін тапты. 30 миллион қаржыға жобалау сметалық құжатын әзірлетіп Астанада апталап жатып індете ізденген Дәулеттің еңбегі зая кеткен жоқ. Тиісті министрліктер мен «ҚазАвтоЖолдың» есігін тоздырып жүріп істі аяғына дейін жеткізген жоба, шаруашылықтың жыл сайын 47 миллион қаржысы үнемделетін өзі жүзеге асырған ең ауқымды жұмысын айту парыз. 2 жылдай уақытын алған осы мәселені алдыңғы шақырылымдағы кейбір уәде бергіш парламент депутаттарының да (есім сойларын атамай-ақ қояйын) қолынан келмеген. Бұған қоса, осы айналма жолдан Ақмаяға дейін кең жолақты асфальт жолдың жоба-сметалық құжатын әзірлетіп, ол үкіметтік сараптамадан өтіпті. Сәтін салса, көп ұзамай-ақ бұл жобаның да жүзеге асатынына сенімді.

Осы мерзімге 120 адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде тұрақты жұмыспен 50 адам, маусымдық жұмыстарға 70 адам тартылған. Барлық әлеуметтік төлем жасалып, салық төленген. Осы жылға бекітілген ротация бойынша 1280 гектар күріш, 368 гектарға жаңа жоңышқа егуді жоспарлап, 370 гектар күздік бидай егіліп, 1000 гектар сүдігер жыртқан шаруашылық биылғы жылдың науқандық жұмыстарына сақадай-сай әзір. Зейнет жасына жеткен жігіт ағасы алдағы жылдары орындаймын деген екі күрделі жоба ойластырыпты. Алғашқысы – осы жылы ірге тасы қаланбақ ниеттегі май сығатын зауыттың құрылысы. Су тапшылығына байланысты егіс көлемінің қысқаруы мүмкіндігін ескерген, ылғалды аз пайдаланатын дақылдар егуге біртіндеп көшу мәселесі күн тәртібіне қойылған бүгінгі уақыт талабына сай ойластырылған жаңа бағыт. Екіншісі, механикалық желі құрылысын салу. Жері дайындалып әзірлік жұмыстары жүруде. Бұл желі іске қосылғанда, өнімінің орташа түсіміне тікелей әсері болатын, жоғарғы сортты күріш тұқымын дайындайтын болашақ тұқым шаруашылығының негізі қаланады. Шаруашылық үшін де, тұрғындар үшін де маңызды, қайтарымы болатын пайдалы жобалар. Олай болса, елдің игілік ырысын арттырар аса маңызды шаруаларды жүзеге асырам деп отырған Дәулет мырзаның талабына нұр жауса игі! Ізгі ойдан туындап, жүрек қалауымен жүзеге асқан ізгіліктің ізі өшпейді қашанда. Іске сәт, іні дос!
Исабек Сәрсенбайұлы,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі