Электр желілерін жөндеудің шебері
Дүние миллиардтаған бөлшектерден тұратын алып мозаика іспетті. Оны хакім Абай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп сипаттайды. Ал сол алып мозаикадан өзіне тиесілі кетігі мен тетігін әркім таба ала ма? Мәселе сонда! Жүрек қалауыңдағы мамандықты игеруге де кейде жүрек керек болады. Қауіп-қатері қатар жүретін энергетиктерді бүгінгі күннің батырындай көрдік біз.
Нұрсұлтан Жомартұлының мамандығы энергетик. Бұл – көшпелі ғұмыр кешіп, төрт түлігін төлежітіп, жан баққан қазақ үшін соны кәсіп болған деседі. Қазақ даласында «Ильич» шамы өткен ғасырдың орта шеніне таман пайда болғанымен, алыс ауылдарға көп кешеуілдеп жеткенін тарихтан оқығаным бар. «Ильич» жарығына ере ауылға «энергетик», «моторист», «электрик» деген түсінік пен мамандықтар да ілесе келген екен. Сол соны кәсіптің сиқырын ұққан Нұрсұлтан 2018 жылы аудандық электр торабы мекемесінің табалдырығын аттайды. Қызметін ОШБ электромонтері болып бастаған ол қазіргі таңда біліктілігі V топ бойынша №2 тарату тораптары бригадасынының шебері атанып, алғысқа бөленіп жүр.

Ал мекеме басшысы Ғабит Қалқұлов «Нұрсұлтан – білікті маман, беделді қызметкер. Жұмысқа деген жауапкершілігі жоғары, білім-білігі толыққан азамат. Аудан халқын электр энергиясымен қамтамасыз ету жолында қалтқысыз қызмет етіп келеді» деп баға берді.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ