ОҚУШЫЛАР МАЙТАЛМАН МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Өткен аптада №244 Ы.Жақаев атындағы қазақ орта мектебінде «мамандықтар әлемін ашамыз» тақырыбындағы онкүндік өтті.
Аталмыш онкүндік қарсаңында мектеп директорының бейіндік оқу жөніндегі орынбасары Гүлфайруз Уалиханованың ұйымдастыруымен мамандық таңдауға байланысты кездесу ұйымдастырылды. Қоңырқай күздің ең соңғы айында өткен шара мамандық таңдауға байланысты көрініспен басталды. Керемет кездесудің өтуіне атсалысқан 10 сынып оқушыларының жетекшілері Гүлсая Сатинова мен Салтанат Жүзбаева болашақ майталман мамандардың оқушылармен кездесуіне тікелей ықпал жасады. «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, оқушылардың жүрек қалауындағы мамандықты дұрыс таңдап, дөңгеленген дүниеде өз орнын табуына бағыт-бағдар беріп, оқушылармен кездесу үшін өз ісінің майталман мамандары ауданнан арнайы шақыртылған. Атап айтар болсақ, ауданаралық емхананың хирургы Азамат Мақұлбеков, Шиелі балалар технопаркінің қосымша білім беру педагогы Гүлшат Жиенбай, аудандық №16 өрт сөндіру бекетінің бастығы, Азаматтық қорғау аға лейтенанты Дастан Шазинда, №13 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, Азаматтық қорғау капитаны Айдар Жұмашев және аудандық ата басылым «Өскен өңір» газетінің тілшісі Сымбат Сұлтан келіп қатысты. Қонақтар өз мамандықтарын мақтан етіп, оқушыларға жақсы маман иесі болуға бағыт-бағдар берді. Сондай-ақ, олар мамандық таңдаудың өзіндік қиындықтары мен қызықтары жайлы әңгімелеп, өз мамандықтары жайлы қысқаша сөз қозғады. Әңгіме барысында ауданнан арнайы келген қонақтар оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап бере отырып, мамандық таңдаудағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Шара соңында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, орыс тілі пәнінің мұғалімі Гүлмира Жұматова мен математика пәнінің мұғалімі Мадина Закирова, сондай-ақ бейіндік оқу жөніндегі орынбасар Гүлфайруз Уалиханова оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қызмет барысындағы қызықты оқиғаларымен бөлісті.

С.СҰЛТАН