Онкүндік ойдағыдай өтті
Қазіргі егеменді еліміздің ағарту жүйесінің мақсатын – өркениетті елдермен деңгейлес дамуымызға мүмкіндік беретін оқу-ағарту жүйесін қалыптастыру. Осы негізде білім беру жүйесінде жалпы азаматтық және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту, қалыптастырыу үшін қажетті жағдайлар жасалуда.Білім-қоғамды саяси-әлеуметтік, мәдени ағарту процесімен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс. Адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғарғы құндылық оның негізгі қызметі адамның адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту.
Жақында, №219 Ы.Алтынсарин атындағы мектепте «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» тақырыбында химия-биология пәнінен онкүндік болды. Оны биология-химия пәнінің бірлестік жетекшісі Д.Абдуллаева және пән мұғалімдері ұйымдастырды. Онкүндікке 5-11 сынып оқушылары белсене қатысты.
Онда жаңартылған білім бойынша және үштілдікке байланысты ашық сабақтар, сайыс, рефераттық конкурстар өтті.
Динара Абдуллаева, Гүлзира Сыздық, Базаркүл Ерназарова, Гүлбаршын Исмайлова, Гүлбақыт Палымбетова, Әйгерім Бегайдарова, Айзат Әстаева апайлардың ұйымдастыруымен онкүндіктің бір күні мектептегі үйден оқытылатын оқушыларға да арналды.
«Жақсылыққа жаным жақын» тақырыбындағы тренинг оқушылар мен ата-аналардың көңілінен шығып, пікірталасқа ұласты. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты үйден оқитын оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, мейірімділік таныту, қайырымдылық, қамқорлық, жақсылық сияқты адами құндылықтарын кеңейту болатын.
Шарада мектеп директоры Ж.Жаңаділова, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Г.Айтенова қатысып тренинг өткізді. Ұстаздардың осындай тәрбиемен мейірімділікті ұштастырып мүмкіндігі шектеулі балаларға жасаған игі жұмыстарына ата-аналар дән риза болды. Мектебіміздегі онкүндіктер жалғасын тауып, әрі қарай оқушылар талай белестерді бағындыратыны сөзсіз.
Бибіпатима Темірова.