Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН АНАЛАР АЛАҢЫ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН АНАЛАР АЛАҢЫ

Ұлттың рухани негізі – отбасы, ал отбасының тірегі – ана. Осы бір өміршең қағиданы арқау еткен IV Республикалық «Абысын-ажын» байқауы елдің түкпір-түкпірінен жиналған аналарды бір мақсатқа тоғыстырды. Байқау аналардың қоғамдағы рөлін айшықтап, ұлттық салт-дәстүр мен тәрбиенің маңызын тереңінен көрсетті.
Қызылорда облыстық «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған байқауға Қазақстанның 13 облысынан келген қатысушылар қатысты. Олар көркем сөз, поэзия, сахналық көрініс арқылы қазақы тәрбие, ананың даналығы мен ұлт болашағындағы орнын кеңінен танытты.
Осы республикалық додада жиделілік келіндерден құралған «Есабыз ата» командасы өз өнері мен тағылымды ойларымен ерекшеленіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Олар қазақ әйеліне тән парасаттылықты, аналық мейірімді, ұлттық тәрбиені сахна төрінде әсерлі жеткізе білді. Қатысушылардың орындауындағы өлең мен көркем сөз, сахналық мәдениеті мен ой тереңдігі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Жиделі халқы жүлдегер жерлестерін үлкен қошеметпен қарсы алып, құрмет көрсетті. Команданы сайысқа дайындап, қазақы тәрбие жолы мен тағылымын келіндердің бойына сіңіре білген Мапуза Сейінасимова «Есабыз ата» қайырымдылық қорының басшысы Бақытжан Асқаровтың алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ ауылдың ғана емес, облыстың намысын қорғап, додадан топ жарған барлық қатысушыларға сый-сияпат жасалды. Бұл жетістік – байқауға қатысқан он ананың ғана емес, тұтас өңірдің абыройы.
Осындай байқаулар ұлттық құндылықтарды ұлықтап, жас ұрпаққа өнеге боларлық тәрбиелік мәні зор іс-шара екені сөзсіз. Өнері мен өнегесін ұштастыра білген аналарымыздың жетістігі көпке үлгі.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
29 желтоқсан 2025 ж. 149 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031