Құжат – тарихтың тілі

Өткеннің ізі – болашаққа бағдар. Осы орайда тарихи құжаттарды сақтап, елдің шежіресін түгелдеп отырған архив мекемесінің маңызы ерекше. Қазақстанда жыл сайын 22 желтоқсан – архившілер күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн елімізде 1998 жылы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заң қабылданған сәтпен тікелей байланысты.
Осы атаулы күн қарсаңында біз Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві Шиелі аудандық филиалының басшысы Ерболат Дүйсенбаевпен сұхбаттасқан едік.
– Ерболат Әбішұлы, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Әңгімеміздің басын өзіңіз басқарып отырған мекеменің қысқаша тарихынан бастасақ...
– Аудандық архив Шиелі аудандық атқару комитетінің 1987 жылғы 2 ақпандағы №40 шешімі негізінде аудандық атқару комитеті жанындағы шаруашылық есептегі мұрағат болып ашылды.

1987 жылдан бастап №219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің жылыжайында мұрағатқа бейімделген ғимаратта жұмыс атқарып, уақыт өте келе аудан әкімінің 1998 жылғы 26 тамыздағы №1060 шешімімен ғимарат толығымен мұрағат мекемесінің есебіне берілген. Ғимарат көлемі 187,7 шаршы метр, 2 қор қоймасы, құжат қабылдау мен құжат өңдеу бөлмелері және жұмыс кабинеттерімен жабдықталған.
2024 жыл өңірде «Руханият жылы» деп жарияланып, мәдени көпшілік шаралармен қатар ауқымды жобалар жүзеге асты. Ауданда неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар, ардагерлер мен аналар үйі бар «Руханият орталығы» 2025 жылдың 4 қаңтарында пайдалануға берілді.
Архив мекемесіне 261,7 ш/м қойма, архив басшысына және архив қызметкерлер бөлмесі бөлінген.
– Аудан архиві қоймасында қанша құжат бар?
– Бүгінгі таңда аудандық архивте 218 қорда 51469, 324 фото құжаттары, жеке тектік 252 сақтау бірлігі сақталып, халық игілігі үшін қызмет көрсетуде. Мекемедегі бірде-бір құжат архив қызметкерлерінің назарынан тыс қалмайды. Әрбірін стандартты қораптарға бекітіп, сапалы күйде сақтауға жағдай жасалған.

Құжаттарды қайта тігіп, түптеу, парақтарын қайта жөндеу, мәтіні өшкен парақтарды қалпына келтіру, құжаттардың жай-күйін тексеру бойынша жұмыстар жоспарлы жүргізіліп, қоймадағы жинақтар шаң-тозаңнан тазартылып тұрады.
– Архивте қандай тарихи құнды деректер сақталған?
– Аудандық атқару комитеті кезеңіндегі көптеген құжат бар. Соңғы 10-15 жыл көлемінде жеке тұлғалар жайлы деректерді жинап, қорға сақтауға ерекше көңіл бөліп жүрміз. Яғни ауданға еңбегі сіңген, өз саласының озат еңбеккерлері мен үлгілі жандарды топ-топқа бөліп, арнайы коллекция жасадық. Мәселен, «Еңбек Ерлері», «Отан үшін от кешкендер», «Мәдениет майталмандары» қор коллекциялары бар. Өкініштісі, көп адам құжаттары жоғалып кетеді деп қауіптенгеннен болу керек, архивке тапсырғысы келмейді. Ауданның дамуына үлесін қосып, өз саласында абыройлы жұмыс істеген қаншама еңбеккерлер бар. Барлығының жеке дерегін архив сөресіне жинақтап, болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырсақ ғажап дүние болар еді.

– Тұрғындар ең көп пайдаланылатын, сұранысы жоғары құжаттарды атап өтсеңіз...
– Ең көп сұралатын құжат әрине, зейнетке шығардағы алатын анықтамалар, «Өскен өңір» газетінің бұрынғы тігінділері, одан соң ғылыми жоба, өзге де зерттеу материалдары үшін ауданның дамуы, белгілі тұлғалар жайлы мәліметтер іздеп келетіндер жетерлік.

– Қазір цифрландыруға қатысты «қағазсыз архив» деген тіркесті естіп жүрміз. Жалпы цифрландырудың маңызы қандай? Бағдарлама толық іске асқан соң қарапайым халық архив құжаттарына өз бетінше қолжеткізе ала ма?
– Қазіргі таңдағы ең үлкен жетістік – цифрландыру процесі. Құжаттарды электронды форматқа көшіру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл бір жағынан, құжаттардың сақталу мерзімін арттырса, екінші жағынан, халықтың архивтік ақпаратқа қолжетімділігін жеңілдетеді. Сонымен қатар E-archive.kz ақпараттық жүйесі арқылы онлайн сұраныс беру мүмкіндігі де қарастырылған. Иә, бағдарлама толық іске асқанда тұрғындар арнайы жүйе арқылы архив құжаттарын өз бетінше ала алады. Жалпы цифрландыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүйелі түрде іске асып келеді.

– Ең алғаш архивте қызметіңіз басталғанда өзіңізді тебіренткен құжат есіңізде ме?
– Ауатком кезіндегі жинақталған құжаттарға қарап, сол уақыттағы орын алған оқиғалар жайлы деректермен танысқанда ерекше тебіренгенім бар.

– Жастар архив саласына қаншалықты қызығады? Жалпы кадр мәселесі қалай?
– Жастардың қызығушылығы өте жоғары. Қоғамдық жұмыспен көптеген жас келеді. Бір жыл мерзімі аяқталған соң сол қызметкерлерді алып қалғымыз келіп отырады. Өйткені олар архив саласына қызыққаны сонша жұмысты бірден өз деңгейінде алып кетеді. Архившілердің жұмысы көзге көрінбегенімен, ауқымды шаруа атқарады дей аламын. Өйткені архив қызметкерлері тек құжаттарды сақтау емес, сонымен қатар оны ғылыми айналымға енгізу, қолжетімділікті арттыру бағытында да көптеген жұмыс істеп отыр.

– Биылға дейін аудан архиві үшін ең күрделі мәселе ғимараттың талапқа сай болмауы еді. Шүкір, жыл басында облыс әкімінің бастамасымен «Руханият орталығынан» арнайы архив қоймасы салынып, игі іске куә болдық. Алда қандай жоспарларыңыз бар?
– Иә, расында 1987 жылдан бастап №219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің жылыжайында мұрағатқа бейімделген ғимаратта жұмыс атқарып келді. Құжаттар сыймайтын, мекемелермен жұмыс істеу қиын болды. Биыл қаңтар айында аймақ басшысының қолдауымен үлкен ғимаратқа көштік. Енді алдағы 25-30 жылға дейінгі құжаттарды сақтауға мүмкіндігіміз бар. Қазіргі архивтің жағдайы қуанарлық. «Руханият орталығына» көшкелі тұрғындармен тығыз байланыстамыз. Түрлі іс-шараны өз деңгейінде ұйымдастыруға қолжеткізгенімізге қуаныштымыз. Алда архив ісін жетілдіру, сол арқылы қорды толықтыру бағытындағы жұмыстарды нәтижелі орындау міндеті тұр,

– Уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңыз үшін рақмет!
– Сіздерге де рақмет! Уақыт өтеді, ескі көнереді, бірақ рухани мұраның келешек ұрпаққа берер өз тағылымы мен тәлімі мәңгілікке жалғасады.

Сұхбаттасқан Гүлхан ЯХИЯ