САНДАР СӨЙЛЕГЕН СЕГІЗ АЙ
Кәсіпкерлік – аудан экономикасының тамыры. Сол тамырдың үздіксіз соғып тұруына Шиелі аудандық кәсіпкерлер палатасы күн сайын үлес қосып келеді. 2025 жылдың сегіз айы қағаздағы жоспармен емес, нақты іспен, құр сөзбен емес, дәлелді сандармен өлшенді. Бұл кезеңде атқарылған жұмыстардың нәтижесі ауданның іскерлік тынысының кеңейе түскенін аңғартады.2025 жылдың 1 қазанына қарай Шиелі ауданында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6478-ге жетті. Бұдан біз өз ісіне сенген, тәуекелге бел буған, еңбегімен нәсіп табуды мақсат еткен жүздеген адамдардың еңбегінің көрінісін көреміз. Заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының артуы – аудан экономикасының тірі қозғалыста екенін білдіреді.
Кеңес емес, қолдау
Кәсіпкерге кейде бағыт-бағдар емес, жанында бірге жүретін серіктес қажет. Осыны жақсы түсінген аудандық кәсіпкерлер палатасы биыл 10 айда 300-ге жуық азаматқа мыңнан астам кеңес берді. Әрбір кеңес – бір істің бастауы, әрбір сұрақ – жаңа мүмкіндіктің кілті болды. Палата мамандары кәсіп ашудың алғашқы қадамын түсіндіруден бастап, жобаны іске асыруға дейін кәсіпкерлермен бірге жүрді.

Қаржы – идеяға жан бітірді
Жақсы ой қолдаусыз қалса, жүзеге аспайды. Осы ретте қайтарымсыз «400 АЕК гранты» бағдарламасы аясында 10 жобаға 15 миллион 728 мың теңге бөлініп, талай кәсіпкердің арманы нақты іске айналды. Ал «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2 өндірістік кооператив пен 5 жеке кәсіпкерге 80 миллион 620 мың теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Бұдан бөлек, бір кәсіпкерге 5 миллион теңгелік қайтарымсыз грант алуға мүмкіндік жасалды. Палатаның тікелей сүйемелдеуімен ауданға 100 миллион теңгеден астам инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындарының іргесі қаланды.
Цифрландыру – жаңа тыныс
Заман өзгерді, талап та жаңарды. Бүгінгі кәсіпкер тек өнім өндіруші ғана емес, цифрлық кеңістікте де еркін қозғала білуі тиіс. Осыны ескерген аталған мекеме электронды саудаға бет бұрған кәсіпкерлерге оқыту ұйымдастырып, мемлекеттік гранттар мен несиелерге онлайн өтінім берудің жолдарын үйретті. Цифрлық құрал – уақытты үнемдейтін мүмкіндік. Ал уақытты ұтқан кәсіпкер бәсекеде алда болары сөзсіз.

Жастарға жол көрсеткен жүздесу
Бүгінгі оқушы – ертеңгі кәсіпкер. «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында өткен кездесулерде мектеп оқушылары мен колледж студенттері кәсіпкерліктің қыр-сырымен танысты. Оларға мамандық таңдаудың маңызы ғана емес, заманауи технологияны пайдалана отырып, өз ісін табысты жүргізудің жолдары кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар 100 студент өндіріс орындарына барып, теорияны тәжірибемен ұштастырды. Олар зауыт пен цехтағы қарбаласты көріп, еңбектің нағыз бағасын сезінді.
Жетістік – ортақ мақтаныш
Шиелілік кәсіпкерлердің еңбегі тек аудан шеңберінде ғана емес, өңірлік деңгейде де лайықты бағаланды. Мәселен, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында Шиелі ауданынан қатысқан 6 кәсіпкердің өнімдері арнайы жүлделерге ие болып, көрме қазыларының жоғары бағасына қол жеткізді.

«Компания Гежуба Шиелі Цемент» өндірісі саласында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясын жеңіп, облыс әкімінің Алғыс хатына ие болса, «HONEYMOOD – Балдай» кондитерлік өнімдер цехы «Үздік кондитер өнімдері» номинациясында диплом және ақшалай сыйлыққа ие болды. Құрғақ қоспалар өндіретін «Orda Best Stroy» ЖШС «Үздік инновациялық жоба» аталымында танылды.
Сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» жобасының көрме-конкурсында аудан кәсіпкерлері де белсенділік танытып, «Barly Bai & K» өндірістік кооперативі жеңімпаз атанды. Бұл – жергілікті кәсіпкерліктің әлеуетін айқын көрсетіп қана қоймай, ауыл шаруашылығы мен өндіріс секторында жаңа белестерге жетудің нақты мысалы болды.
Кәсіпкерлікті қорғау – басты міндет
Кәсіпкер үшін ең бастысы – өз ісімен алаңсыз айналысу мүмкіндігі. Ол үшін құқықтық қорғанның болуы – сөзсіз шарт. Осы мақсатта «Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингі аясында тұрақты сауалнама жұмыстары жүргізіліп, аудан прокуратурасы мен кірістер басқармасының мамандарымен бірлескен кездесулер ұйымдастырылды.

Кәсіпкерлер өз мәселелерін ашық айтып, ұсыныстарын білдірді. Ал мемлекеттік органдар тарапынан нақты жауаптар беріліп, заңдық қолдау мен практикалық шешімдер ұсынылды. Ашық диалог – тек формальдылық емес, нағыз проблемаларды анықтап, оларды бірлесе шешудің тиімді жолы болып отыр.
Жаңашылдыққа жол
Кәсіпкерліктің дамуы үшін қолдау жүйесін жетілдіру – ауданның басты міндеті. Сол үшін Шиелі ауданында «Кәсіпкерлер үйін» ашу ұсынылады. Мұндай орталық «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетіп, кәсіпкерге қажетті барлық ақпарат пен қолдауды бір мезгілде ұсына алады.

Айта кетейік, аудан дүкендерінде «Шиеліде жасалған» арнайы сөрелер орнату – жергілікті өнімнің халыққа жетуін жеңілдетіп, кәсіпкерлерге сауда мүмкіндігін арттырады. Мұндай қадам экономикалық серпін беріп, өңір экономикасын нығайтуға нақты үлес қосады.
Тілші ТҮЙІНІ:
Сандар сөйлеген сегіз ай – бұл тек статистика емес, еңбек пен сенімнің, жаңашыл идея мен нақты әрекеттің айқын көрінісі. Шиелі аудандық кәсіпкерлер палатасы – жай кеңсе емес, бұл – ауданның іскерлік жүрегі, кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беретін серіктес, жаңашылдыққа жол ашатын орын.

Көрсетілген гранттар, тартылған инвестициялар, өңірлік жүлделер мен жаңа кәсіпкерлердің өсімі – барлығы ауданның әлеуметтік-экономикалық өрлеуінің нақты дәлелі. Әрбір жеңіс – жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның ортақ мақтанышы.
Алдағы жоспарлар да айқын: құқықтық қорған, цифрлық мүмкіндіктер, арнайы орталықтар мен сөрелер – бәрі кәсіпкерлікті жаңа белестерге көтеретін, экономика мен әлеуметтік өмірді бірге өркендететін қадамдар.
Сонымен, Шиеліде кәсіпкерлік – қарапайым бизнес қана емес, экономикалық қуат, инновацияның көзі, қоғамның дамуына бағытталған нақты әрекет. Ал жетістіктер сандар арқылы сөйлейді. Әрбір көрсеткіш – тек есеп емес, аймақтың алға басқан нақты дәлелі.
Айнұр ИБРАШЕВА