Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

2023 жылдың маусым айынан бері атқарылған жұмыстарды баяндап, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында кезекті Өңірлік кеңес отырысына қатыстым. Кеңесте барлық аудандардың 2023 жылы атқарылған жұмыстары қаралды.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы елімізде билік пен бизнестің арасын жалғастырушы дәнекер қызметін ғана емес, кәсіпкерлерге қолдау, кеңес беру ісін де жүзеге асырып отыр.
«Атамекен» Шиелі аудандық кәсіпкерлер палатасының жұмысы мен кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен насихаттау әлеуметтік желіде және аудандық, облыстық түрлі газет беттеріне ұдайы ақпараттандырылып жүргендігі өздеріңізге белгілі.
Кәсіпкерлерді қолдау, жобаларын сүйемелдеу, шығарған өнімдерін нарыққа өткізуге көмек көрсету, кәсіби біліктілігін арттыруға арналған оқытулар мен семинар-тренингтерге қатыстыру, кәсіпкерлік саласына қатысты өзгерістер бойынша кездесулер ұйымдастыру бойынша біршама жұмыстар жүргізілген болатын және аталған іс-шаралар болашақта жалғасын табатын болады.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Айтбайұлының алғыс хатын алып, марапат төрінен көрінген жайым бар.
Өңірлік кеңес мүшелері өз кезегінде есеп берушілерге бірқатар сұрақтар қойып, тұшымды жауап ала алды.
Сонымен бірге, аудандық кеңестердің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, алдағы міндеттер айқындалды.

19 ақпан 2024 ж. 238 0