Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «QAISAR» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ: ЖЕЛТОҚСАН ҚАҺАРМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

«QAISAR» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ: ЖЕЛТОҚСАН ҚАҺАРМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

«QAISAR» партиялық жобасы аясында «Арман» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тұғыры биік Тәуеліздік» атты желтоқсан қаһармандарымен кездесу өткізілді. Кездесуді Шиелі кенті әкімінің орынбасары Қайрат Жағыпбар ашып беріп, айтулы мерекемен барша жиналған қауымды құттықтады. Шараға «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев және аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Бекболат Әбуов Желтоқсан оқиғасы туралы ой-пікірлерін жеткізіп, тәуелсіздіктің қадірі мен қасиеті туралы айтты.

Кездесудің басты қонақтары Желтоқсан оқиғасына қатысушылары Асан Патыма Арғынбайқызы мен Әбішбаева Перуза Мұхтарқызымен сұхбат форматында өрбіді. Асан Патыма Арғынбайқызы – Желтоқсан оқиғасына қатысушы, саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танылып, ақталған. Әбішбаева Перуза Мұхтарқызы – Желтоқсан оқиғасына қатысушы, саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танылып, ақталған.

Сұхбат барысында көрермендер тарапынан желтоқсан қаһармандарына сауалдар қойылып, жауаптар берілді. Шара соңында Шиелі кенті әкімінің орынбасары Қайрат Жағыпбар мен аудандық мәслихат депутаты, «Арман» мәдениет үйінің директоры Нұргүл Шәлекеева желтоқсан қаһармандары Патыма Асанға және Перуза Әбішбаеваға сый-сияпат жасады.

17 желтоқсан 2025 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031