ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ
Елдің ішкі тыныштығы мен халықтың қауіпсіз өмір сүруі – қоғамның тұрақтылығының негізі. Осы маңызды міндетті орындауда Ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Ішкі істер органдары – мемлекеттік биліктің ең маңызды құрылымдарының бірі ретінде қоғамда құқықтық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие. Тәртіп сақшылары қазір қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар адамдарды небір қауіп-қатерден құтқарушы да. Лаулаған оттың ішіне именбей кіретін де, суға кеткендерді құтқаратын да, өзін-өзі өлімге қиып, биіктен секірмекші болғандарды аман алып қалатын да полиция қызметкерлері.Еліміздің ішкі тәртібін сақтау үшін еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлерінің жұмысы оңай емес. Күн сайын емес, сағат сайын қауіп-қатермен бетпе-бет келетін тәртіп сақшыларының өмірі қыл үстінде жүреді десе де болады. Осы тұста, біз Шиелі ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Болатхан Мұханов бүгінгі басылымның басты бес сауалына жауап берді.
– Болатхан Ниязханұлы, бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі – құқықбұзушылықтардың алдын алу, заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтарға қауіпсіз өмір сүруге жағдай жасау болып табылатыны белгілі. Осыған байланысты, аудандағы қазіргі ахуалдың жай-күйі қалай?
– Қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмысқа қарсы күресте және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында ұйымдастырушылық іс-шаралар қабылданып, нәтижесінде аудан көлемінде криминогендік ахуал тұрақты деңгейде қалыптасты. 2025 жылдың 11 айында 147 құқықбұзушылық, оның ішінде 107 қылмыс, 40 теріс қылық тіркелген.

Сонымен қатар отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы қылмыстардың өсім алуына, жаңа заңнамаға сәйкес өзгерістер енгізілген ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру қылмыс деректерінің көбеюі тікелей әсер етіп, жалпы қылмыстардың 17,0 пайызын құрап отыр.
– «Мал ашуы – жан ашуы» дейді халқымыз. Күнкөрісі малға байланысты болған ата-бабадан қалған бұл нақылдың арқауында айдың-күннің аманында қолындағы түлігінен айырылған ауылдағы ағайынның жанайқайы бар. Адал маңдай терін төгіп, өсіріп отырған ақадал малын оңай олжа еткісі келетін ұры-қарылармен күрес қаншалықты атқарылып жатыр?
– Әрине бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылуда. Есепті мерзімде мал ұрлығының 5 дерегі орын алып, оның ашылу деңгейі 8,3 пайызға жақсарған.
– Әрине бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылуда. Есепті мерзімде мал ұрлығының 5 дерегі орын алып, оның ашылу деңгейі 8,3 пайызға жақсарған.
Мал ұрлықтарының алдын алуға байланысты осы жылдың басынан бөлім қызметкерлерінен 4 мобильді жұмыс топтар жасақталып, олар малдардың ұрлануы мүмкін әкімшілік аймақтарында яғни, далалық шабындық жерлерде аралап шолу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, малдарын бей-берекет қараусыз жіберген 216 азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабымен шара көріліп, айыппұл салынды. Әрі қарай да жұмыс қарқынын күшейтіп, қылмыстың алдын алу шараларын жүзеге асырамыз.
– Пайдакүнемдік қылмыстардың бірі ол – «Алаяқтықты» көздейтін қылмыстар. Ақпарат ғасыры саналатын заманда интернетті игі мақсаттардан бөлек, арам пиғылдарын жүзеге асыру үшін пайдаланатындар да кездесіп жатады. Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылуда?
– Есепті мерзім бойынша аудан көлемінде алаяқтық қылмыстарының 32 дерегі орын алып, өткен жылмен салыстырғанда 17,9 пайызға азайған. Осы тіркелген алаяқтық қылмыстарының 21 дерегін интернет алаяқтық қылмыстары құрады. Жыл басынан әлеуметтік желілерге күн санап жаңарып жатқан интернет алаяқтықтан сақтану жолдарын көрсететін 75 мәрте арнайы ақпараттар жарияланып, қоғамдық орындарға қойылған «Лэд» экрандардың мүмкіндігін кеңінен пайдалана отырып алаяқтардың арбауына түсіп қалмау жайлы арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілуде. Бұған қоса, адамдар көп шоғырланған жерлерде (орталық алаң, базар, сауда үйлері) 47 мәрте жадынамалар таратылып, денсаулық сақтау, білім беру және өндіріс мекемелерінде 48 мәрте кездесу ұйымдастырылып, интернет алаяқтарынан сақтану жолдары түсіндірілді.

Сонымен қатар әр ауылдық учаскелік полиция инспекторлары күнделікті өздеріне бекітілген ауылдарындағы түрлі «ватцап чаттары» арқылы халықты ұялы байланыс және де басқа да, тәсілдер арқылы жасалатын алаяқтардың арбауынан барынша сақ болуға құлақтандыру жұмыстары ұйымдастырылуда. Сондай-ақ интернет алаяқтық қылмыстары бойынша күдікті тұлғаларды анықтау бағытында санкциялар алынып, есеп шоттары тексеріліп, дропперлері анықталып, олардың есеп шоттарына тексеру жүргізілуде.
– Болатхан Ниязханұлы, көлік құралдары санының жылдан жылға көбеюі жолдағы қауіпсіздікті күшейтуді талап етіп отыр. Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылуда?
– Жол қозғалысына қатысушылардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, полиция органының негізгі деген басым бағыттарының бірі. Есепті мерзімде жол көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарының нәтижесінде жол апатына тікелей әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың барлығы 6292 құқықбұзушылық анықталып, оның 4050-не жалпы соммасы 71 млн теңге айыппұл салынып, оның 62 млн 500 мың теңгесі өндірілді. Олардың барлығына әкімшілік материал жинақталып сот шешімімен түрлі шара қолданылды. Соның ішінде 76 тұлға 15 тәулікке қамалып жүргізуші куәліктерінен 7 жылға айырылды.

Аудан көлемінде бей-берекет қараусыз жүрген малдарды қағу деректерін алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 216 азаматқа үй-жануарларын бей-берекет жібергендері үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 408-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, айыппұлдар салынды. Ағымдағы жылы аудан көлемінде бей-берекет қараусыз жүрген малдарды қағу деректеріне жол берілген жоқ.
Өкінішке қарай, 2025 жылдың 11 айында жол көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 180 адам әртүрлі дене жарақатын алса, 20 адам қайтыс болған. Оның төртеуі жасөспірім.
– Қоғамда есірткі қылмысының таралу ауқымы, әсіресе оған жасөспірімдер мен жастардың үйірсектігі бәсеңдемей тұр. Адам өміріне балта шабатын, қалыпты тіршіліктің тұнығын лайлайтын қауіпті кеселмен күрес қалай жүруде?
– Кез келген қылмыстың алдын алу, жолын кесу, яки қылмыстылық профилактикасы бүгінгі таңда ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекет пен қоғам үшін адамды қылмыс жасағаны үшін жазалағаннан гөрі,сол қылмыстың алдын алу немесе оны болғызбаудың жолын қарастыру немесе қылмыстың жасалыну себебін жою әлдеқайда жеңіл әрі тиімді. Бұл есірткі қылмысына қарсы күресте де аса өзекті мәселе болып отыр.

Биыл 11 айда атқарылған жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, есірткінің заңсыз айналымына қатысты барлығы 16 қылмыстық деректер анықталды. Олардың 8-дерегі есірткі алқаптарын егіп өсіру, 1-дерегі есірткіні өткізу, сату дерегі, қалған 7 дерегі есірткіге байланысты алып жүру, сақтау бағытындағы қылмыстық теріс қылықтар.
– Бүкпесіз әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан
Мейіржан Ибрагимов
Мейіржан Ибрагимов