Қытайлықтардың еліміздің азық-түлік өнімдеріне қызығушылықтары жоғары
Шығысымыздағы көрші елдің бизнес өкілдері Қостанайлық кәсіпкерлермен болған кездесуде осылай деді. Екі ел арасындағы алыс-беріс артып келе жатқандығына мына деректер дәлел. Мысалы, Қостанай облысынан Қытайға былтыр 1594 тонна сұйық май өткізілсе, биыл үш айдың ішінде ғана 2 мың тонна экспортталған. Аспан асты елінен арнайы келген бір топ кәсіпкерлер бұл көлемді әлі де ұлғайта түсуге мүдделі екендігін білдірді. Әсіресе сапалы мал етіне сұраныс зор екендігін айтты. Ашық әңгіме барысында екі ел арасындағы сауда-саттыққа кедергі келтіретін жайттер да сөз болмай қалған жоқ. Филипп Ху, қытайлық компанияның бас басқарушысы: - Жақын арада Қытайда ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету реформасы жүзеге аса бастайды. Оған уақыт керек. Бірақ біз барынша дайын болуымыз керек. Қазір алдын ала келісімшарттар жасап қойсақ, реформа басталғанда осы жақтан азық-түлік экспортын бірден жолға қою мүмкіндігі мол.
24.kz
24.kz