Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛМЫРЗА – АҢЫЗ АДАМ

ӘЛМЫРЗА – АҢЫЗ АДАМ

Қадір Мырза Әлі «Талантты бағалаңдар – тірісінде» деген еді. Басқасын айтпағанда С.Сейфулиннің «Ақсақ киігін» Сыр Елінің жырауларының мақамының сарынында құлпыртып, халқының құлағының құрышын қандырды. Тыңдасаңыз, Сарыарқаның төсінде емін-еркін желіп жүрген Ақбөкеннің зары көз алдыңызға елестейді. Неткен драматизмге толы еді. Бейне бір киноның кадрларындай. Әрбір сөзіне мән беріліп, шырқалған кезде ерекше құбылысқа тап боламыз. Мұндай шеберлік тек Әлекеңнің ғана қолынан келді. Әбділда Тәжібаев «Әні әдемі - Әлмырзам» деген ғой.

Ә л к е ң н і ң М . М а қ а т а е в т ы ң « Ә л е м мұсылмандарына хат» атты өлеңіне жазылған әні Әлем мұсылмандарына айтылған үндеу сияқты. «Ақ түндер» әні мұхит асып, Португалияда шырқалды. «Ләйләжан», «Ән-Думан» әндерін тыңдасаң, керемет күй кешесің. Әлекеңнің репертуарындағы «Молдабай», «Замандас», «Күләнда», «Не жаман?» басқа да термелері мен әндері елімізге кең тараған. Сонау 80-жылдары күй табаққа көп тиражда тараған еді. 1990 жылы Түрікменстанның астанасы Ашхабадта өткен халықаралық конкурста бас жүлде, сол жылы Португалиядағы халықаралық фестивальдің лауреаты, Қарағандыда өткен республикалық халық театрларының байқауында ең үздік музыкамен көркемдеуші, бірнеше дүркін облыстық, республикалық байқаудын жүлдегері. Қазақ телевидениесі мен радиосының алтын қорына енген бірегей жан. Сонау 1960 жылдардың басында бала Әлмырза сахнаға алғаш рет «Ортекемен» шыққан еді. Аудандық байқауда көзге түсіп, жаңадан ұйымдастырылып жатқан, «Жас Дәурен» ансамблінің құрамына алынып, бүгінгі күнге дейін Шиелінің рухын асқақтатып, өсіп-өркендеуіне атсалысып келеді. Облыстың «Сыр Сұлуы» ән-би ансамблінің құрамында Қарақалпақстанда, еліміздің көптеген жерінде өнер көрсетті. Ауданның мәдениеті мен өнерін Әлмырзасыз елестету мүмкін емес. Ол - әнші, актер, сценарист, қоюшы-режисер, музыкамен көркемдеуші, ­фотограф, ақылшы-ұстаз. «Ноғайбаевтар» халықтық жанұялық ансамблі бүгін де халыққа қызмет етуде. Шиелі ауданының мәдениетінің мандаты десе болады. Бір басында санап тауыса алмайтын сан қырлы өнер иесі, бүгін де қатарда. Денсаулығы мықты, бабында! Мен Алматыда өнер абыздары Асанәлі Әшімов пен Нұрғали Нүсіпжановты халқы құрметтегенді көргенде, Әлмырзаны еске аламын. Шіркін, Әлекеңді де ауданда осылай құрметтеп жүрсе екен деген ықылас бар ішімде. Әлмырза Ноғайбаев 70 жасқа толғанда, Алматының орталық концерт залында ­«Отырар Сазы» оркестрінің сүйемелдеуімен концерт ұйымдастырдық. Алматыдағы шиеліліктерден залда ине шаншыр жер қалмады. Қызы Ақмарал екеуі екі сағат өнер көрсетті. Музыка тілімен айтқанда Шиелі тарихында «Отырар Сазының» сүйемелдеуімен ән айтқан ешкім болмағандай. Әлекеңнің күш-қуаты, ән айту қабілеті әлі жоғары деңгейде. «Қартайды ғой» деп қақпайламай, ауданның рухани өміріне кеңінен тартып, 80 жасқа толатын мерей тойын жағарғы деңгейде өткізуді қолға алатын кез жеткен сияқты. Әлмырза Ноғайбаевтың 80 жасқа толу мерейтойы қарсаңында атынан мектеп ашып, шәкірт тәрбиелетуді қолға алу қажет. Сыр бойында ешкімге ұқсамайтын Әлмырзаның мақамын, кейінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, өнерін мәңгілікке сақтап қалудың қамынан бүгіннен бастап кірісуі керек!

Өскенбай ТАШЕНОВ,
ҚР Мәдениет қайраткері, профессор

10 қараша 2025 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9352)

10 қараша 2025 ж.

№84 (9351)

04 қараша 2025 ж.

№83 (9350)

01 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930