Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СҰЛУТӨБЕДЕГІ ВОЛЕЙБОЛ ЖАРЫСЫ

СҰЛУТӨБЕДЕГІ ВОЛЕЙБОЛ ЖАРЫСЫ

Жуырда азаттық күрескері Мұстафа Шоқайдың 135 жылдығына орай Сұлутөбе ауылындағы қайраткер атындағы мектептің спорт залында волейболдан жастар арасында аудандық турнир өтті. Жарысқа 7 команда қатысты. Сайыстың нәтижесінде І орын «Жөлек ауыл жастары», ІІ орын «Бала Би ауылының жастары» командасы және жүлделі ІІІ орынды «М.Шоқай ұрпақтары» командасы иеленді. Сонымен қатар волейболшылар «Ең үздік ойыншы», «Үздік либеро» тағы да басқа жекелей номинациямен марапатталды. Жарысты өткізуге қаржылай көмектескен «Иман ЖШС» мекемесінің директоры ­Баубек Қонысбекұлы мен «Бірінші май» шаруа қожалығының төрағасы Еркінбай Даниярұлын атап өткеніміз жөн. Спорттық сайысқа қолдау білдірген азаматтарға аудан әкімі мен «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ жарысқа қатысушылар М.Шоқай өміріне арналған мектеп музейінің жұмысымен танысуға да мүмкіндік алды.


Айдар БАҚЫТЖАНҰЛЫ
10 қараша 2025 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9352)

10 қараша 2025 ж.

№84 (9351)

04 қараша 2025 ж.

№83 (9350)

01 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930