TAZA QAZAQSTAN: ШИЕЛІДЕГІ СЕРПІНДІ КҮН

«Руханият» орталығындағы тың тыныс
Халықпен тікелей пікір алмасуға жол ашатын қоғамдық қабылдаулар – билік пен қоғам арасындағы өзара сенімнің нақты көрсеткіші. Осы ретте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов және Жарқынбек Амантай, аудан әкімі Айтбай Жандарбековпен бірге Шиелі ауданындағы «Руханият» орталығында қоғамдық қ а б ы л д а у ө т к і з і п , тұрғындардың ұсыныспікірлерін тыңдады. Халық тарапынанайтылған негізгі мәселелер – ауыл инфрақұрылымы, ауызсу, жол сапасы, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, білім беру жүйесінің жағдайы және ауыл шаруашылығына қатысты түйткілдер болды. Депутаттар әр сұраққа жіті назар аударып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, шешім қабылдау жолдарын қарастыратынын жеткізді. А у д а н ә к і м і А й т б а й Ж а н д а р б е к о в тұрғындардың белсенділігіне ризашылық білдіріп, әрбір ұсыныстың назардан тыс қалмайтынын, оның орындалуы аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында болатынын атап өтті. Бұл – халықпен ашық әрі адал диалог орнағанының айғағы.
Еркін ой, нақты ұсыныс – жастар кездесуінде
Шара аясында Мәжіліс депутаттары «Жастар ресурстық орталығында» ауданның белсенді жастары, еріктілер мен жас мамандармен кездесті. Пікір алмасу алаңында жастар өз ойларын ашық айтып, елдің даму жолындағы маңызды мәселелер мен жаңа бастамаларға қатысты нақты ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу барысында білім мен ғылымға қолжетімділік, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлікке қолдау, ауыл жастарына арналған инфрақұрылым, волонтерлік қозғалысты дамыту сияқты өзекті тақырыптар қозғалды. Халық қалаулылары мемлекет тарапынан жастарға арналған түрлі бағдарламалар мен мүмкіндіктерді кеңінен түсіндіріп, әрбір жас азаматтың елдің жарқын болашағына қосатын үлесінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл кездесу – тек ресми жиын ғана емес, жастар мен билік арасындағы ашық әрі шынайы диалогтың көрінісі болды. Жастар өздерін тыңдайтын, пікірін бағалайтын қоғамда өмір сүріп жатқанын сезінді. Осындай кездесулер елдің дамуы мен бірлігін нығайтып, жас буынды тыңдай білу мәдениетін қалыптастырады.
Экология – ел мәдениетінің айнасы
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының бастамасымен ұйымдастырылған «Taza Qazaqstan» Roadэстафетасы еліміздің оңтүстік аймақтарын аралап, Қызылорда облысына табан тіреді. Эстафетаның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғау ісіне жанашырлықпен қарауға үндеу. Шиелі ауданында өткен тазалық акциясы Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолы бойында өтті. Эстафета қатысушылары, халық қалаулылары, мемлекеттік қызметшілер, партия мүшелері мен еріктілер жол бойын күл-қоқыстан тазартып, экологиялық сана қалыптастырудың нақты үлгісін көрсетті. Бұл – жай ғана сенбілік емес. Бұл – ұрпақтың бойына табиғатты сүю, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін сіңірудің жарқын мысалы. Эстафета әрі қарай Жаңақорған ауданы мен Қызылорда қаласында жалғасып, қорытындыланады.
Әлеуметтік нысандар – елдің тірегі
Мәжіліс депутаттары Шиелі сапары аясында бірқатар әлеуметтік нысандардың да жұмысымен танысты. Алғаш болып күрделі жөндеуден өткен №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке барды. Бұл білім ордасы – жылдар бойы мыңдаған түлек түлеткен, тамыры терең, тарихы бай оқу орны. Жаңғырту жұмыстарына 363 миллион теңге бөлініп, мектептің ішкі-сыртқы келбеті түбегейлі өзгерген. Заманауи зертханалар, пәндік кабинеттер, қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған бұл мектеп бүгінде ауданның үздік білім ұяларының біріне айналды. Депутаттар ұстаздармен кездесіп, мұғалім мәртебесі, білім сапасы және педагогтерді әлеуметтік қолдау мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Сапар барысында олар Ортақшыл ауылдық округіне барып, жергілікті диқандармен кездесті. Аталған ауыл елімізде тары өндірумен танымал. Халқының 90 пайызы осы кәсіппен айналысады. Кездесуде ауыл шаруашылығына қолдау көрсету, нарықпен байланыс, өнім өткізу жолдарын жеңілдету және ауыл инфрақұрылымын дамыту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ Ақтоған ауылындағы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенімен де танысты. Заманауи спорт нысаны «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен бой көтеріп, ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік ашты. Мұнда күрес, волейбол, баскетбол, фитнес секілді спорт түрлерімен шұғылдануға барлық жағдай жасалған.
Түйін: Шиелі ауданында өткен «Taza Qazaqstan» Road-эстафетасы мен қоғамдық қабылдаулар кешені – бұл тек бір күндік шара ғана емес, тұтас қоғамның жан-жақты дамуына бағытталған ауқымды қадам. Бұл бастама елдің әрбір азаматын қамтып, қоғамдық өмірдің барлық саласында жаңғыруды көздейді. Экологиялық тазалықтан бастап, әлеуметтік мәселелер мен білім беру, жастардың әлеуметтік белсенділігі мен ауыл шаруашылығын қолдауға дейінгі кең ауқымды тақырыптар күн тәртібіне қойылды. Мәжіліс депутаттары мен жергілікті билік өкілдерінің халықпен ашық және шынайы кездесулері – бұл елдің әлеуметтік саясатының көрінісі, оның азаматтарға деген қамқорлығы мен жауапкершілігі. Бастысы – бұл шаралар арқылы қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға, халықтың белсенділігін арттыруға мүмкіндік туады. Халықтың түйткілді мәселелері дер кезінде анықталып, шешімін табады, жастардың ой-пікірлері тыңдалып, олардың елдің болашағына қосатын үлесі бағаланады. «Taza Qazaqstan» – бұл тек экологиялық акция емес, бұл – ұрпақ санасына табиғатты сүю мен құрметтеуді сіңіру, елдің дамуына азаматтық көзқараспен қарауды қалыптастыру жолындағы маңызды бастама. Шиелідегі бұл серпінді күн – еліміздің жарқын болашағына арналған сенімділіктің, бірліктің және үміттің жарқын белгісі. Алдағы уақытта да осындай ауқымды әрі мазмұнды шаралар жалғаса берері сөзсіз. Себебі ел дамуы – әрбір азаматтың бастамасы мен жауапкершілігінде. Бірлескен күш-жігер мен ашық диалог арқылы ғана біз тұрақты және гүлденген Қазақстанды құра аламыз.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ