Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ПАРТИЯ АЛАҢЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ПАРТИЯ АЛАҢЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов пен Мархабат Жайымбетов Шиелі аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдауға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, аудан әкімі Айтбай Жандарбеков қатысты. Қабылдау барысында 6 азамат өз өтініштері мен ұсыныстарын білдірді. Олар – кент орталығындағы көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, абаттандыру шараларын күшейту, Байсын ауылына инфрақұрылым тарту, сондай-ақ аудан орталығындағы спорт кешенінің шатырына күрделі жөндеу жүргізу мәселелерін көтерді. Фракция мүшелері әрбір азаматтың өтінішін жеке бақылауына алатындығын және тиісті сала мамандарына жолдап, заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді. Қоғамдық қабылдау – халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, билік пен бұқара арасындағы сенімді нығайтудың нақты тетігі.

@Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

04 шілде 2025 ж. 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031