Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢҒЫРУ ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

ЖАҢҒЫРУ ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Құрметті жерлестер!
Қадірлі қауым!
Біз қашаннан «Басталған істің жұмысы – біреу, ырысы – ортақ» деп еңбегін елдігіне, тірлігін бірлігіне балаған халықпыз.
Шиелі – Алаш анасы атанған аймағымыздың жүрегі болса, осы ауданның төл тұрғыны – Сіз бен біз оның тірегіміз.
Содан болар – баршамыз үшін туған ауданның аспандағы ауасы да, берекелі дауасы да, жазылмаған жарасы да ортақ.
Бұл – осы ауданның басшылығы – бізге артылған шынайы сенім ғана емес, үлкен жауапкершілік деп білемін.
Сөз жоқ, оның үдесінен шығып, әр үміттің жолын табу үшін қолдан келгенді аямаймын.
Өткен жылдың қыркүйек айында өздеріңіздің қолауларыңызбен сайлау нәтижесінде ауданға әкім болып сайланған болатынмын.
Сол сәттен бастап, туған жердің тумасы ретінде, ауданның дамуына, өңіріміздің өркендеуіне командаммен бірге Өздеріңізбен бірге аянбай жүйелі жұмыс жасап келеміз.
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 8 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президентіміз ел экономикасын дамытудың 7 маңызды негізгі бағыттарын айқындады.
1) Елімізге қомақты инвестиция тарту;
2) Өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беру;
3) Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру;
4) Көлік логистиканы одан әрі дамыту;
5) Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту;
6) Кәсіпкерлер елімізді цифрлық дамытудың қозғаушы күші болуы;
7) Экономиканы жаңғырту жұмыстары, адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер.
Ел болашағын айқындайтын реформалар енгізілген келелі жиынға Ақмая шаруа қожалығының механизаторы, «Құрмет» орденінің иегері Гүлсім Дәрібаева аймақ басшысының ұсынысымен тікелей қатысып келді.
Жолдаумен белгіленген бағыттар аясында біз өңіріміздің экономикасын тұрақты дамыту шараларын жалғастыруымыз қажет.
Аз да болса, азығы мол – жетістікке толы, жемісі көп осы жыл ішінде Шиелі беделі мен қуаты асқан, аймаққа өз үлесін қосқан жасампаз шырайлы ауданға айналды.
Өздеріңізбен бірге жасап келе жатқан ауданның айшықты жұмыстарына тоқталып өтсем.
***
Еліміздегі экономикалық даму және саяси тұрақтылықтың арқасында Шиелі ауданында макроэкономикалық бағыттар бойынша өсу динамикасы қалыптасып, негізгі әлеуметтікэкономикалық даму индикаторларында оң нәтижеге қол жеткізілді.
Зәулім ғимараттар бой көтеріп, әлеуметтік нысандар ел игілігіне пайдалануға беріліп, елді-мекендер көгілдір отынға қосылуда. Оның үстіне өткен жылдың киелі мекен үшін тартуы аз болмады.
***
– Шиелі ауданының тумасы, белгілі Қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Серікұлы Жұмаділдаев Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені табысталды.
– Шиелі ауданының 5 азаматы «Парасат», «Құрмет» және «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградалармен марапатталды.
– Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосқан 7 азамат «Шиелі ауданының Құрметті азаматы» атағымен марапатталды.
– Облыстық «Алтын дән-2024» салтанатты шарасында жыл қорытындысымен Шиелі ауданы «Су үнемдеу технологиясын қолдану» бойынша «Озат аудан» номинациясын иеленді.
– Өткен жылы Сырдария ауданында өткен облыстық «Алтын күз – 2024» ауыл спартакиадасынан, биыл Қызылорда қаласында өткен облыстық «Алтын күз – 2025» ауыл спартакиадасынан, ауданымыздың спортшылары спорттың 16 түрінен өткен жарыста қатарынан жүлделі 1 орынды алды.
– «Үлгілі елді мекен» облыстық ­конкурсында өткен жылы ауданымыз «Үлгілі аудан орталығы» номинациясы бойынша ІІ орынды иеленіп, 3 техника, («Қалдық тасымалдаушы камаз көлігі», «Жол тазалағыш трактор» және «Ассенизатор» көлігі) 2023 жылғы қараша айында қортындыланған конкурсында І орынды жеңіп, тағы да 3 техника ұтып алды. («Арнайы жол тазалағыш камаз көлігі», «Жер қазушы трактор» және «Қалдық тасымалдаушы камаз көлігі»).
– «Төрлет, еңбек адамы!» тақырыбындағы «Алтын домбыра» айтысында жерлесіміз Мейірбек Сұлтанхан топтан озып шығып, «Алтын домбыраны» иегері атанды.
– Жерлесіміз Ысқаққызы Ақкербез Алматы қаласында өткен «Қазақ аруы – 2024» сұлулық байқауының жеңімпазы атанды.
– 2024 жылғы 18-19 қазан күндері ауданымыз «Алтын күз ­– 2024» мерекесін қоғам қайраткерлері, ел ағаларының қатысуымен кең көлемде атап өтті. Мерекемен тұспа-тұс келген «Өскен өңір» газетінің 85 жылдығы жоғары деңгейде тойланды. Мереке аясында ауданның азаматтары марапатталып, ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне 2 тұрғын үй, 14 автокөлік табысталды.
– «Әз-Наурыз» мерекесі он күндік аясында ұйымдастырылып, Ұлыстың ұлы күні аймақ басшысының, сенаторлар мен мәжіліс депутаттарының, қадірлі қонақтардың қатысуымен кең көлемде аталып өтті.
– Аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың қатысуымен Бидайкөл шаруа қожалығында «Дала күні – 2025» алғашқы дән себу рәсімі өтті.
– Биыл «Шиелісушар» өндірістік учаскесінің басшысы, білікті маман, тәжірибелі басшы Әубәкіров Дихан Уәлиханұлы Шиелі өңірінің егін шаруашылығын тұрақты сумен қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек еткені үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.
– Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі ұйымдастырған «Өз кәсібінің үздігі 2025» конкурсында «Үздік ауыл дәрігері» номинациясы бойынша аудандағы Жөлек ауылдық амбулаториясының аға дәрігері Төлеуов Жақып Оразұлы республика бойынша жеңімпаз атанды.
– Білім саласы бойынша ауданымыздағы №47 М.Ломоносов атындағы мектеп-лицейі аймақта үздік білім ордасы атанып, 34 млн теңге қаржылай сыйлық жеңіп алды.
– Ауданымызда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі О.Бектенов іс сапарда болса, Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсенбаев, Су ­ресурстары және ирригация министрі Н.Нұржігітов, Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика вице-министрлері, Сенат және мәжіліс депутаттары іссапарда болып, ауданның тыныс-тіршілігімен танысты.
Кәсіпкерлік және инвестиция
– 2024 жылы жобалық құны – 2,5 млрд теңге құрайтын 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып, жобалар толықтай жүзеге асырылып 127 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
– 2025 жылғы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 6365 бірлікті (2024 жылы 6562) құрады. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша жобалық құны 998,2 млн теңгені құрайтын 55 жоба шағын несие қаражатын алды.
– Жобалық құны 68,2 млрд теңгені құрайтын 9 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар іске қосылғанда 233 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Құрылыс кезінде 700 адам.
Ауыл шаруашылығы
– Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 5 млрд 17,2 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 101,5 пайызды құрады.
– Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі индикаторларына сәйкес мал шаруашылығын дамыту бағытында төрт түлік мал санында өсім бар.
– Биылғы жылы 31 мың 512 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. (Оның ішінде дәнді дақылдар үлесі 14 мың 783 га, майлы дақылдар 1130 га, мал азығы дақылдары 10 мың 332 га, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 5 мың 267 га).
Егіске қажетті 15 200 тонна минералды тыңайтқыштар мен арамшөптерге қарсы 11 738 литр гербицидтер 100% толық алынды.
Ал негізгі дақылымыз күрiштің көлемі – 12 мың 301 гектар.
– Жалпы аудан бойынша бүгінде 67 дана насос қондырғысы пайдаланды. Оның 29 данасы электрлі және 38 данасы дизельді.
Мемлекет басшысының және облыс әкімінің бастамасымен, облыс аумағындағы су тапшылығының алдын алу және егісті судан қалдырмау мақсатында Қазақстан ­Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен Қызылорда облысына еліміздің 19 облысынан 25 насос қондырғысы көмекке жіберілді. 25 насос қондырғысының Шиелі ауданына СНП-500 маркалы 10 насос қондырғылары жеткізілді.
Құрылыс саласы
– 2024 жыл қорытындысымен ауданда 2,6 млрд теңге қаржы қаралып, 178 пәтер ел игілігіне пайдалануға берілді.
Сонымен бірге биыл Шиелі ауданы ­бойынша 52 пәтерлік 26 тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінді. Биылда осы жұмыстар жалғасын табады.
– Өткен жылы білім саласы бойынша жаңадан Жансейіт елді мекенінде 100 орындық мектеп (899,7 млн теңге), №252 орта мектепке 375 орындық (625,6 млн теңге) қосымша құрылыс салынып, пайдалануға берілді.
– Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Шиелі кентінде салынатын республикалық бюджеттен жобалық құны 363 млн теңгені құрайтын спорт комплексінің құрылысын бастауға 254 млн теңге және Бестам ауылында жобалық құны 461 млн теңгені құрайтын 150 орыңдық клубтың құрылысына 346 млн теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
– Шиелі кентінде 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық өнер мектебінің құрылысына 1 млрд 68 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.
– Ы.Алтынсарин атындағы №219 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 384 млн 961 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
– Көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын қаптау жұмыстарына 2024 жылы 83,8 млн теңге, ал 2025 жылы 88,9 млн теңге қаржы қарастырылды.
Бөлінген қаржы аясында жұмыстар жүргізілуде, нәтижесінде бұрынғы құлазыған тұрғын үйлердің сыртқы қабырғалары жаңарып, көрікті келбетке ие болуда.
– Шиелі кентіндегі Дәулеткерей көшесі №8, 10, 12, Яссауи көшесі №67, Шәкәрім көшесі №54, Дәулеткерей және Есабыз көшелері қиылысындағы №45 тұрғын үйлердің шатырын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарына 98,7 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
– Т.Рысқұлов көшесі №19 мекен жайында автотұрақ құрылысын жүргізу мақсатында 67,8 млн теңге көлемінде қаржы бөлініп, қазіргі уақытта ескі ғимарат бұзылып, құрылыс алаңы асфальттау жұмыстарын жүргізу үшін тегістелуде.
– Бестам, Бидайкөл, Байсын, Жөлек және 1 Мамыр елді мекендерінің кіреберісіне арка (ауыл паспорты) орнату жұмыстарына аудандық бюджет есебінен 70 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда аркалар орнатылып, пайдалануға берілуде.
– Аудандық сайлау үйі, Мансап орталығы, Ц О Н , Статистика басқармасы кент орталығындағы бос ғимараттарға көшіріліп, жаңа кейіпке енді.
– Шиелi кентінде орналасқан теміржол вокзалын жөндеу жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталды. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Дәнекер» ЖШС-гі құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Жоба сметалық құны 900 млн теңге.
– Шиелі кентінде жол қозғалысы ережелерін бұзуды фото-бейне жазуға және қозғалыс ағындарын бақылауға арналған мобильді бағдарламалық-аппараттық кешен (Ekin Patrol G2) аудандық бюджеттен 38,0 млн теңге қаржы бөлініп, мобильді бағдарламалық-аппараттық кешен Шиелі аудандық полиция бөлімінің автокөлігіне орнатылды.
Шиелі кенті бойынша облыстық бюджеттен орталық көшелерге барлығы жаңадан 72 дана бейнебақылау камералары және 7 дана жол қозғалысы ережелерін бұзуды бақылайтын және жылдамдықты өлшеуіш камералары (радар) орнатылды. Бүгінгі күні аудандық полиция бөлімінде «Жол қозғалысы оқиғаларын бақылау орталығы» жұмыс жасауда. Аталған жұмыстар аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың қолдауымен жүзеге асуда.
Автомобиль жолдары
– Аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 8 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстарына, Дәулеткерей және М.Шоқай көшелерін күрделі жөндеуге, «Самара-Шымкент-Жөлек» автомобиль жолын орташа жөндеуге, «Самара-Шымкент-Кодаманов» көпірін қайта жаңғыртауға барлығы республикалық және жергілікті бюджеттерден 1 млрд 924 млн теңге бөлініп, тиісіті жұмыстар атқаралуда, аяқталған жобалар ел игілігіне табысталуда.
– «Ауыл – ел бесігі» жобасымен Бәйгеқұм, Телікөл, Тартоғай, Иіркөл, Жуантөбе ауылдық округтеріндегі ұзындығы 24,3 шақырым болатын 29 көшенің ауыл ішілік жолдарын күрделі жөндеу жұмыс жобасы бойынша бюджеттен 1 млрд 36 млн теңге қаралып, жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
– «Шиелі-Бидайкөл-Қарғалы» және «Қарғалы-Байкенже» автомобиль жолдары орташа жөндеуден өтті.
– Шиелі кентіндегі Жайлыбаев және Д.Смайлов көшелеріндегі автомобиль жолдарын күрделу жөндеу жұмысына 560 млн теңге, ГРП-23, Н.Бекежанов тұйығы, ГРП-2, С.Есенова тұйығы, Сапарбаев, Жүргенов, Ш.Есенов тұйығы, Шәкәрім тұйығы, №219 мектеп жанындағы көшелерін орташа жөндеу жұмыстары 77,4 млн теңге қаралды.
– Жөлек, Майлытоғай, Жиделіарық, Тартоғай ауылдық округіндегі ішкі жолдарына қиыршық тас (ГПС) төсеуге аудандық бюджеттен 28,5 млн теңге қаралды.
Ауыз су
– Шиелі ауданы сапалы ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етілді.
– Шиелі ауданындағы барлық елді мекенді үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Тақыркөл» бас су торабынан №3 сорғы станциясына дейін 1,9 млрд теңгеге магистральдыі су өткізгішінің екінші желісі ұзындығы 32,4 шақырымды құрайтын магистраль құбыры толық жүргізіліп, насос қондырғылары орнатылды.
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес Ақтам және Тоғайлы елді мекендеріне су тұщытқыш кешенді блок-модульдер орнатуға аудандық бюджеттен 42,0 млн теңге қаржы бөлініп, су тұшытқыш қондырғылар орнатылды.
Электр желісі
– Шиелі кентіндегі жоба құны 808 млн теңге болатын электр желілерін қайта құрылымдаудың І кезеңіне 719 млн теңге қаржы қаралып, тозығы жеткен трансформаторлар мен электр желілері ауыстырылды.
– «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Бидайкөл, Жиделіарық, Ә.Тәжібаев ауылдарының сыртқы электрмен қамту желілерінің құрылысына республикалық бюджеттен 153 млн теңге бөлінді.
– 2025 жылға Шиелі аудынындағы тозығы жеткен 220/110/35/10 кВ «Шиелі» қосалқы станциясында облыстық энергетика басқармасының тапсырысы бойынша қайта жаңғырту жұмыстарына 4,3 млрд қаржы қаралды. Жоба бойынша Т-1 25000 кВА күштік трансформатор 40000 кВА ауысады, Т-2 10000 кВА күштік трансформатор 16000 кВА ауысады, 220/35 кВ майлы ажыратқыштар, ваккумды ажыратқыштарға ауысады, жедел басқару пульті жаңадан қойылды.
– Бидайкөл, Ш.Қодаманов ауылдарын сыртқы электрмен қамту желілерінің құрылысына ҚР Ұлттық қорынан 217 млн 809 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Газдандыру
– Газдандыру бойынша өткен жылы 2 елді мекенге газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерінің құрылыс жұмыстарына 1,1 млрд теңге бөлініп ауыл тұрғындары көгілдір отын пайдалануда.
– Биылғы жылы 21 бекет, Жансейт елді мекендері газға қосылатын болады.
Білім саласы
– Шиелі кенті, Көкшоқы мөлтек ауданында орналасқан «Сыр ұланы» лагері және Керделі ауылдық округінде орналасқан «Қарлығаш» мемлекеттік балабақшасындағы ескі әрі қауіпті қоршаулар жаңартылып, орнына заманауи, қауіпсіз әрі көрікті қоршаулар орнатылды.
Денсаулық саласы
– «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында аймақ басшысының қатысуымен Тартоғай (335,9 млн теңге) және Алмалы (334,0 млн теңге), Ортақшыл (338,56 млн теңге), Әбілда Тәжібаев (339,5 млн теңге), Бестам (336,0 млн теңге) ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді.
– Барлық елді мекендегі денсаулық сақтау ұйымдарына 30 санитарлық автокөлік алынып, халыққа қызмет етуде.
– «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында Шиелі кентінде 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
– Шиелі ауданаралық ауруханасы базасында көп бейінді медициналық қызмет көлемін арттыру мақсатында МРТ құрылғысын орнатуға қосымша корпус салынуда.
– Кенттегі «Болашақ» дәрігерлік амбула ториясын күрделі жөндеуге 255 млн теңге көлемінде қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.
Мәдениет саласы
– Облыс әкімінің қолдауымен ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, мұрағат, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар құны 1,6 млрд теңгені құрайтын «Руханият» орталығы пайдалануға берілді.
– Мемлекет қорғауындағы тарихи-мәдени орындарды қайта қалыпқа келтіру мақсатында жеті әулие мекен еткен «Оқшы ата» кешені демеушілер есебінен 25,0 млн теңгеге жарық, 6,0 млн теңгеге ауыз су жүргізу жұмыстары жүргізілді.
– Республикалық бюджеттен бөлінген 23,0 млн теңгеге «Оқшы ата», «Асан ата» мазараттарын қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді.
Аудандық бюджеттен 17,0 млн теңге бөлініп «Қыш ата», «Ғайып ата» мазаратын қайта құрылымдау жұмыстары жасалды.
Кешеннің айналасын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында демеушілер есебінен 4 гектардан астам жер тегістеліп, жан-жағы қоршалып, аудан тұрғындарының қатысуымен климатқа бейімделген 5000 түп тал шыбықтары отырғызылды.
Жұмысшы мамандықтары жылы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын.
Жолдауда берілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында аудандағы №47 орта мектебі мен Шиелі индустриалды аграрлық колледжінің арасында екіжақты меморандумға қол қойылып, қаңтар айынан бастап мектеп қабырғасын 30 оқушы тігінші мен аспазшы мамандықтарын алуда.
Руханият орталығында жыл басында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында арнайы семинар және «Әлемнің әміршісі – еңбек» атты облыстық әйелдер форумы өткізілді.
– «Жұмысшы мамандықтар жылы», «Ұлы Абайдың 180 жылдығы» аясында ­аудан орталығында әр аптаның жұма күні 2 ауылдық округтің қатысуымен «Ауыл күндері – 2025» аудандық байқауы өтуде. Байқау қорытындысымен жеңімпаздар «Алтын күз – 2025» мерекесінде анықталатын болады.
Абаттандыру
– 2024 жылы аудан орталығында абаттандыру жұмыстарына тиісті қаржылар бөлініп, жүйелі түрде жұмыс жасалып келеді.
Аталған қаражатқа абаттандыру жұмыстарын жандандыру бағытында, Шиелі кенті, Дәулеткерей көшесі бойына және Байтұрсынов және Жақаев қиылыс көшелері бойын абаттандыру жұмыстары жүргізілсе (Заманауи үлгіге сай екі жарықты 22 дана түнгі жарық бағаналары, жаяу жүргіншілер жолы және жол жиегіне дейін тас төсеу жұмыстары жүргізілді), И.Әбдікәрімов көшесі бойындағы «Руханият» орталығы ауласын көркейту бағытында тамшылатып суару жүйесімен газон егіліп, субұрқақ, заманауи жарық шамдары, орындықтар орнатылып абаттандырылды.
– Аудандық бюджеттен Шиелі кенті Ы.Жақаев, И.Әбдікәрімов, Дәулеткерей, ­Яссауи, Кәрімбаев көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін ағымдағы жөндеу жұмыстары, «М.Шоқай» атындағы орталық алаңға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
– Шиелі кентінде 4 жерге балалар ойын алаңы мен спорт алаңын орнату, Шиелі кенті орталык стадионда аллея салу жұмыстары жасалды.
– Биыл Шиелі кентіне «Ауыл аманаты» орталығы пайдалуға беріліп, ЦОН ғимаратының артына авто тұрақ салынып, «Шұғыла» балабақшасының қорасы жаңаланды және кенттегі Жайлыбаев көшесінің бойынан «Денсаулық аллеясы» ашылды.
– Демеушілер есебінен №244, №48 мектеп жанынан балалар ойын алаңдары мен шағын футбол алаңдары салынды.
– Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында, облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен ауданда тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде, аудан орталығында санитариялық тазалық жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында кент аумағы 3 аймаққа, яғни орталық, теріскей бет және Көкшоқы мөлтек ауданы болып бөлінді.
Тазалық жұмыстары аясында мердігер мекеме тарапынан қоқыс жәшіктерінен тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, көшелерге су себу, шайынды сулардан тазарту, көшелерді сыпыру, көшелерді қысқы күтіп ұстау жұмыстары (тұз араласқан құм қоспасын себу, қардан тазарту) және қураған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта су себу жұмыстары күшейіп, күнделікті екі техника екі бағытта жүруде. (бірінші бағыт: М.Шоқай, Абылайхан, А.Байтұрсынов, Ы.Жақаев, Т.Рысқұлов, М.Қаратаев, Тәуелсіздік. Екінші бағыт: С.Сейфуллин, Бұдабай, А.Яссауи, Дәулеткерей, Досбол Датқа, Әл-Фараби, Ш.Бәкіров, Шәкәрім, Н.Бекежанов, Самара-Шымкент, И.Әбдікәрімов, Емхана аумағы).
Мердігер мекемемен тұрмыстық қалдықтарды шығаруға 1608 абонент келісім шартқа (оның ішінде: 1484 жеке тұрғын, 124 кәсіпкерлік нысан) отырды.
Құрметті жерлестер!
Ауданға әкім болып сайланғалы өткен жыл аясында жеткен жетістіктеріміз ең алдымен еліміздегі тұрақтылықтың, ел бірлігінің арқасында, еліміз тәуелсіздік алған аз ғана уақытта жеткен ғасырға бергісіз орасан зор жетістіктердің нәтижесінде мүмкін болды.
Әрине бұл Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сарабдал саясатымен, аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асырылған жобалар екендігі сөзсіз.
Атқарылған жұмыстар бар болғанмен, алдағы міндеттеріміз одан да көп.
Дана халқымызда «Біріккен бітіреді, ұйымдасқан ұтады» деген жақсы сөз бар.
Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еліміздің, аймағымыздың дамуы және ауданымыздың өркендеуі бағытында, ауылдарымыздың ажарын айқындап, кентіміздің келбетін келісті ету жолында аянбай қызмет жасай берейік.

А.ЖАНДАРБЕКОВ,
аудан әкімі
16 қыркүйек 2025 ж. 50 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930